Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша
жобалау кеңсесі

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалау кеңсесі 2020 жылдың қаңтарында құррылды.

Жобалау кеңсесінің негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларына қаржылық қолдау көрсету үшін потенциалды донорларды іздестіру мен гранттық конкурстарға қатысу болып табылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің басты бағыттарының бірі азаматтық секторды дамытуға тарту шеңберінде ортақ жігер мен ресурстарды шоғырландыру мақсатында мүдделі тараптармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бағытта мемлекет-бизнес-үкіметтік емес ұйымдар диалог алаңдарын ұйымдастыруға, бизнес өкілдері арасында филантропияны және әлуметке бағытталған қызметтерді дамытуды насихаттауға қатысу арқылы грант беруші және донор ұйымдармен өзара әрекеттестікті ілгерілетуге бағытталған жұмыстар атқарылады.

Жобалау кеңсесі қызметінің бағыттары:
1. Қазақстанда донорлық істі көпшілік арасында тарату;
2. азаматтық бастамалардың жүзеге асырылуына донорлардың қаражатын тарту;
3. грант беруші ұйымдардың гранттық конкурстарына қатысу;
4. гранттық қаржыландыру саласына әлемдік озық тәжірибені енгізу;
5. Қазақстан ҮЕҰ әлеуетін арттыруға қаражат тарту;
6. гранттардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу және алып жүру;
7. гранттық конкурстарға қатысу шеңберінде ҮЕҰ-дың жобаларын жанамалау.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің грантын жеңіп алды
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) Орталықтың бастамаларын ілгерілету бойынша жұмыс шеңберінде әлеуметтік жобаны іске асыруға Америка Құрама Штаттарының Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігінің грантын ұтып алды. Бұл мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша Жобалық кеңсе командасының есебіндегі АҚШ Елшілігінен ашық гранттық өтінімдер...
30.09.2020
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру аясында «Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы» өз жұмысын бастайды
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КЕАҚ), «Өмірге құштар жандардың қоғамы» (Общество Неунывающих Инвалидов) қоғамдық бірлестігінің «ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ – ШЕЛЕК» корпоративтік қоры және Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) грантты беру және оны іске асыру туралы үшжақты келісімге қол...
26.08.2020
«Американдық бұрыштар» гранттық бағдарламасы аясында Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарға гранттық бағдарлама жарияланды
Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің Мемлекеттік департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінің Американдық бұрыштар гранттық бағдарламасы аясында Қазақстандағы коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдарға қаржылық қолдау көрсету үшін гранттық бағдарлама жариялайды. Гранттар сомасы 2500 мен 50 000 АҚШ долларын құрайды және өтінімдерді келесі басым тақырыптар бойынша...
24.08.2020
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы гранттық бағдарлама ұсынады
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) азаматтық қоғам ұйымдарына, атап айтқанда есірткі қолданатын адамдар (ЕҚА) мен түрмелерде отырған адамдар арасында АҚТҚ-ға байланысты алдын алу, емдеу, күтім жасау және қолдау саласында жұмыс істейтін қоғамдастықтар негізіндегі ұйымдарға олардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін АҚТҚ қызметтерінің сапасын қамтамасыз...
14.08.2020
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландырудың алғашқы ізашарлары
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін донорлық қаражатты іздеу және тарту арқылы қаржыландыруды әртараптандыру және азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында Орталықтың әлеуметтік жобалар тізіліміне өзекті әлеуметтік жобаларды...
30.07.2020
Үкіметтік емес ұйымдардан қосымша өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның өзекті әлеуметтік жобалар тізіліміне енгізу мақсатында ағымдағы жылдың 18 маусымы мен 17 шілде аралығында жарияланған үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі-ҮЕҰ) өтінімдерін жинау үрдісіне төмендегі бағыттар бойынша қосымша өтінімдер қабылданатынын хабарлайды. Қоғамның әлеуметтік жобалар тізілімін...
Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі жобалық өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды
Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі денсаулық сақтау саласындағы гендерлік зорлық бойынша оқытуды институцияландыру, сондай-ақ Қазақстандағы гендерлік зорлыққа денсаулық сақтау саласының жауапты шараларын күшейтуге бағытталған жобалық өтінімдерді қабылдауда. Жобалық өтінімдер электронды оқыту курстарын әзірлеуге бағытталған және келесі нәтижелерді қамтамасыз етуі...
Қоғамның өзекті әлеуметтік жобаларының тізіліміне енгізу үшін ҮЕҰ өтінімдерін жинау басталғанын хабарлаймыз
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның өзекті әлеуметтік жобалар тізіліміне енгізу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі-ҮЕҰ) өтінімдерін жинау үрдісін жариялайды. Қоғамның әлеуметтік жобалар тізілімін жүргізудің негізгі мақсаты – ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін донорлық қаражат тарту арқылы азаматтық...
Жергілікті бастамалар канадалық қорының (CFLI) бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Eлшілігі Жергілікті бастамалар канадалық қорының (CFLI) бағдарламасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. CFLI бағдарламасы тақырыптық басым бағыттарға сәйкес келетін дамушы елдердегі шағын, тиімділігі жоғары жобаларды қолдауға арналған. Бағдарлама жергілікті серіктестермен ойластырылған және әзірленген...
Winrock International қауіпсіз көші-қон бойынша USAID-тің жобасы шеңберінде гранттық өтінімдерге қабылдау басталды
Winrock International қауіпсіз көші-қон бойынша USAID-тің жобасы шеңберінде гранттық өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды. Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон (SMICA) Winrock International Қазақстанда, Қырғыз Республикасында, Тәжікстанда, Түрікменстанда және Өзбекстанда жүзеге асыратын бес жылдық жоба болып табылады. Қазақстанда жүзеге асырылатын SMICA жобасы төменде көрсетілген бір немесе...