the Joke Waller-Hunter (JWH) Initiatives конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Жарияланған күні: 15.06.2022


——

Азаматтық қоғамның экологиялық ұйымдарында жастардың көшбасшылығын дамытуға бағытталған the Joke Waller-Hunter (JWH) Initiatives конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

 

The Joke Waller-Hunter (JWH) Initiatives дамушы елдердегі қоршаған ортаны қорғау секторында жастардың білімін, тәжірибесін және кәсіби даярлығын кеңейту мүмкіндіктерін ұсынумен айналысады. Бастама ұйым атынан болашақ көшбасшылар ретінде ұсынылған тұлғаларды оқыту және кәсіби даярлау үшін 2 500-ден 7000 еуроға дейін шағын грант ұсынады.

 

Грант курстар мен тренингтер арқылы білім мен дағдылар деңгейін арттыруды немесе тағылымдамалар, танысу сапарлары, конференцияларға, жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысу және т. б. арқылы тәжірибені кеңейту секілді кең ауқымды іс-шараларды іске асыруға берілуі мүмкін.

 

Гранттың мақсаты: азаматтық қоғамның экологиялық ұйымдарының әлеуеті мен тиімділігін нығайту

 

Конкурс шарттары:

  • Дамушы және экономикасы дамып келе жатқан елдерде жұмыс істейтін немесе азаматтық қоғамның экологиялық ұйымдарымен байланысты жастар конкурсқа қатысуға өтініш беруге құқылы;
  • Азаматтық қоғамның экологиялық ұйымдары және осы ұйымдарда жұмыс істейтін номинацияға ұсынушы қызметкерлер өздерінің ұйымдарынан кандидаттарды анықтайды және арнайы кандидаттарды ұсыну формасын толтырады.
  • 35 жасқа дейінгі жас әйелдер мен еркектерге басымдылық беріледі.

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 24 тамыз 2022, сағат 21: 00 (GMT+6).

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:

http://jwhinitiative.projects5.greenlightsolutions.nl/grantees/upcoming/