Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында сенім телефоны іске қосылды

Гранттық механизм жұмысының ашықтығын барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сенім телефонын іске қосу – Орталық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың бірі.
Сіз кез келген бұзушылықтар, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік немесе бейәдеп мінез-құлық фактілері туралы хабарлай аласыз. Сондай-ақ, сенім телефоны арқылы біздің грант алушылардың өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы туралы хабарламаларыңызды қалдыра аласыз.

Комплаенс-офицер түскен өтініштерді әділ өңдейді. Құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Сенім телефоны: 8-771-348-83-84

Жұмыс уақыты: 09.00 — ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (Дс-Жм)

Сенбі және жексенбі-демалыс күндері.