Орталық туралы
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы – бұл бірнеше ұрпақтың өкілдері табысты еңбек ететін тату команда. Кәсіпқойлық, тәжірибе, жастық пен инновацияны біріктіре отырып, біз күн сайын Қазақстандағы мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттесу механизмін жетілдіру бойынша жұмыс істейміз. Біздің ұжым ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды ұсыну арқылы олардың ең үздік идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Отандық азаматтық сектормен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса отырып, біз гранттық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ниеттіміз.
Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі Миссия өте қарапайым болып көрінеді, бірақ оның қоғам мен тұтас ел үшін маңызын жете бағаламауға болмайды. Біздің басты миссиямыз – ҮЕҰ үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар ұсыну және олардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу арқылы Қазақстандағы мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимыл тетігін жақсарту болып табылады. Біз өзімізді Үкімет, Азаматтық қоғам және донорлық ұйымдар арасындағы көпір ретінде белгілейміз. Күш пен ресурстарды біріктіру арқылы біз елеулі өзгерістерге қол жеткізуге және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысамыз. Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық белсенділердің әлеуетін қаржылай қолдау арқылы ғана дамыту қажет емес. Сондықтан біз әдістемелік, аналитикалық, ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетуге ерекше назар аударамыз.
Игілік алушылардың әлеуметтік жобаларды іске асырудан қанағаттанушылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік гранттарды жүзеге асырудың барлық процестеріне қатысу