Орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу миссиясымен жергілікті және шетелдік донорлық ұйымдарды, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын іске асыратын бизнес секторының өкілдерін ынтымақтастыққа шақырамыз!
Мемлекет, қоғам және бизнес арасындағы көпір бола отырып, Орталық Қазақстан бойынша 16 түрлі әлеуметтік маңызы бар салаларда үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды әкімшілендіру және кешенді сүйемелдеу бойынша операторлық қызметтер көрсетуге дайын.
Гранттарды Орталықтың операторлығына берудің артықшылықтары
1. Гранттарды сапалы жоспарлау үшін талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу
Орталық нысаналы бенефициарлардың қажеттілігін, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, гранттық жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша үздік тәжірибелерді бағалауды талдау жүргізу негізінде ҮЕҰ гранттарын беру тетіктерін, оның ішінде гранттық қаражатты тиімді жоспарлау бөлігінде жетілдіру бойынша өзекті ұсынымдар әзірлейді.
Сонымен қатар, жеке донормен ынтымақтастық орнатылған жағдайда Орталық донордың қажеттіліктерін, құндылықтарын, стратегиялық және беделді мақсаттарын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге кешенді және инновациялық тәсілді қамтамасыз етуге әзір.
2. Гранттарды қолдау мен іске асырудың сервистік тәсілі
Орталықтың сервистік тәсілі Тапсырыс берушінің гранттық конкурсын кеңінен жария етуден, үкіметтік емес ұйымдарға өтінім беру бойынша консультациялық қызметтер ұсынудан, есептілікті дайындау бойынша консультацияларды, жобаларды ақпараттық жария етуде қолдау көрсетуден, жобалардың тұрақтылығы мен ауқымын қамтамасыз ету үшін бюджеттік және бюджеттен тыс ресурстарды тартуды қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде толық сүйемелдеуден тұрады.
3. Гранттарды беру және іске асыру кезіндегі транспаренттілік, есептілік
Грант қаражатын бөлудің ашықтығы мен тәуелсіздігі кездейсоқ әдіспен қалыптастырылатын тәуелсіз сараптама комиссиясының сапалық құрамын қамтамасыз ете отырып, ашық конкурстық рәсімдерді жүргізу, сараптама комиссиясының отырысын Орталықтың ресми интернет-ресурсында трансляциялау, сондай-ақ жобалардың іске асырылуына және қаражаттың нысаналы жұмсалуына мониторинг жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Гранттарды іске асыру қорытындысы бойынша Орталық Тапсырыс берушіге шоғырландырылған бағдарламалық және қаржылық есептерді ұсынады. Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Орталық жобалық құжаттардың толық пакетін жариялайды, ресми интернет-ресурста жобаларды іске асыру барысы мен қорытындылары туралы жария презентациялар өткізеді.
4. Гранттарды іске асыру мониторингі
Жоспарланған мақсаттардан, міндеттерден, күтілетін нәтижелер мен мерзімдерден ауытқуларды уақтылы анықтау арқылы гранттық жобаларды іске асыру сапасын жақсарту мақсатында Орталық тұрақты негізде жобаларды іске асырудың кешенді мониторингін жүргізеді.
Мониторинг қоғамдық мониторинг пен сарапшыларды тарту мүмкіндігімен камералдық және көшпелі мониторинг жүргізу арқылы әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды қамтиды.
5. Грантты іске асыруды PR-және GR-сүйемелдеу
Орталық мемлекеттік органдармен, халықаралық және жергілікті донорлық қоғамдастық өкілдерімен, БАҚ-пен, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі белсенді ҮЕҰ-мен тығыз жұмыс істейді. Гранттар шеңберінде әлеуметтік мәселелерді шешуге мүдделі тараптардың ресурстарын тарту үшін Орталық бизнес, мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар арасында байланыс орнатуға ықпал етеді. Бұл ретте, Орталық жергілікті және республикалық БАҚ-та гранттық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты ілгерілету бойынша белсенді ақпараттық науқан жүргізеді.
Ынтымақтастық схемасы
мемлекеттік органдар үшін (орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар):
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік гранттарды Оператор Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар» туралы Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген салалар шеңберінде мемлекеттік бюджет (республикалық және/немесе жергілікті бюджет) қаражаты есебінен, сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар немесе жергілікті атқарушы органдар Оператормен жасасатын ҮЕҰ мемлекеттік гранттар беру үшін қаражат аудару туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
жеке донорлар үшін:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар мен сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңының 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік емес гранттар бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен беріледі. Мемлекеттік емес гранттар мен есептілікті беруге қойылатын талаптар Оператор мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттың талаптарымен айқындалады. Сонымен қатар, грантты іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық Тапсырыс берушілердің жеке сұраныстары мен талаптарына бейімделетін стандартты схемаға сәйкес келеді.
Біздің Тапсырыс берушілеріміз
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Жеке донорлар:
- «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту Қоры» ЖҚ
- «Медиа даму қабығы» КҚ
- Shell Kazakhstan B.V.
Жергілікті атқарушы органдар:
- Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ішкі саясат бөлімі
- Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы
- Маңғыстау облысының Жастар саясаты басқармасы
- Маңғыстау облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
- Қарағанды облысының Тілдерді дамыту басқармасы
- Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы
- Қостанай облысының Қоғамдық даму басқармасы
- Атырау облысының Ішкі саясат басқармасы
2023 жыл
Жеке донорлар:
- Shell Kazakhstan B.V.
Жергілікті атқарушы органдар:
- Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы
- Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы
- Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы
- Маңғыстау облысының Білім басқармасы
- Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы
- Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі (Маңғыстау облысы)
- Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі (Маңғыстау облысы)
- Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
- Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы
- Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
- Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы
- Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасы
- Атырау облысының Ішкі саясат басқармасы
- Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі (Атырау облысы)
- Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы
- Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы