Мемлекеттік саясатты, атап айтқанда ҚР Президентінің “100 нақты қадам” Ұлттық жоспарын ілгерілету аясында, сыбайлас жемқорлықты азайту және алдын алу саласында өзара ынтымақтастықты дамыту және нығайту ниетін білдіре отырып, 2019 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайту және алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
1. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы;
2. “Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы”;
3. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы, Қарулы күштері және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
4. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары.
Сенім телефондары:
1424 – Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығы