Канаданың Халықаралық істер министрлігі (Global Affairs Canada) үкіметтік емес ұйымдардан жоба қаржыландыру үшін ұсыныстарды қабылдайды

Жарияланған күні: 20.01.2023


Канаданың Халықаралық істер министрлігі Канаданың феминистік халықаралық көмек көрсету саясаты (Canada’s Feminist International Assistance Policy) мен бағдарламалық басымдықтарына толығымен сәйкес келетін таңдаулы бастамаларды қаржыландырады. Қаржыландыру бағдарламасының жалпы мақсаты дамушы елдердегі кедейлікті азайтуға жұмыс істеп жатқан канадалық және халықаралық серіктестерге қолдау көрсету болып табылады.

Қаржыландырудың әлеуетті бағыттары:

  • Гендерлік теңдікті, адам құқықтарын және экологиялық тұрақтылықты қоса алғанда, даму проблемаларын шешетін салалар*

*Жобаның бағыттары Канаданың Халықаралық істер министрлігі бағдарламалық және саяси басымдықтарына, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық немесе ұлттық міндеттемелеріне сәйкес болуы керек.

Жалпы талаптар:

  • Осы ұсынысқа ODA-ға (Ресми даму көмек) құқығы бар елдердің үкіметтік емес ұйымдары немесе жеке сектор ұйымдары өтініш бере алады;
  • Өтініш беруші ұйым немесе басқа көздер жобаның тікелей шығындарының кемінде 5%-ын салуы керек;
  • Ұсыныстар үшін ең төменгі немесе максималды шектеу жоқ;
  • Өтінім беру екі кезеңде жүзеге асырылады. Алдын ала Partners@International порталы арқылы концептуалдық жазба ғана жіберіледі;
  • Өтініштер ағылшын тілінде беріледі.

Өтініш беру мерзімі: Өтініштер жыл бойы тұрақты негізде қабылданады

Толық ақпаратты төмендегі сілтемеден табуға болады:

https://www.international.gc.ca/world-monde/funding-financement/apply_funding-demande_financement.aspx?lang=eng