“ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM” шығармашылық жобаларын іске асыруға талантты жастарға арналған республикалық гранттар байқауы

Жарияланған күні: 25.07.2022


Нұрсұлтан Назарбаев Қоры “ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM” шығармашылық жобаларын іске асыруға талантты жастарға арналған республикалық гранттар конкурсына өтінімдер қабылдауды бастады.

 

Байқаудың 10 жеңімпазы жобаларды іске асыруға 2 млн. теңгеден грант алады.

 

Конкурстың мақсаты:

  • жас мәдениет және өнер қайраткерлерін, сондай-ақ дизайн, сән және шығармашылық кәсіпкерлік саласындағы қызметтегі суретшілердің, креаторлардың, шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың жобалары мен жұмыстарын қолдау;
  • мәдени ақпараттық өрісті жандандыру және мәдени әртүрлілікті арттыру.

 

Конкурс шарттары:

  • Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқығы бар:
    • 40 жастан аспаған Қазақстан азаматтары болып табылатын шығармашылық қызметкерлер;
    • мәдениет және өнер саласындағы қызметпен айналысатын шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдар;
  • Бір қатысушыдан үш өтінімнен артық қабылданбайды;
  • Мемлекет қаржыландыратын жобалар қарастырылмайды.

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 18 қыркүйек 2022 жыл

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:  https://grant.jasstar.kz/