Prague Civil Society Centre ғылыми стипендиясына конкурс жарияланды

Жарияланған күні: 18.07.2022


Бұл стипендиялық бағдарлама Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның азаматтық қоғамының жетекші өкілдері мен зерттеушілеріне Чехияның Прага қаласында зерттеулер жүргізу, мақалалар жазу және нетворкинг жүргізуіне бағытталған.

 

Шәкіртақы қатысушылардың келесі жобаларын қаржыландырады:

  • Азаматтық қоғам мен адам құқықтарына әсер ететін проблемаларды, мүмкіндіктер мен үрдістерді зерттеу;
  • Адамдарға және/немесе азаматтық секторға пайда әкелетін кітап немесе оқулық, саяси немесе аналитикалық құжат жазу;
  • Тұжырымдаманы әзірлеу және жаңа жобаны бастау.

 

Үш айлық бағдарлама іріктелген қатысушылар үшін көлік шығындарын және базалық тұру шығындарын өтейді, сондай-ақ  виза алуға көмек көрсетеді.

 

Конкурс шарттары:

Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқығы бар:

  • Шығыс Еуропа немесе Орталық Азия елдерінің журналистері, сарапшылары, зерттеушілері, құқық қорғаушылары, экологиялық немесе қалалық белсенділері, сондай-ақ өз елінде немесе аймағында азаматтық қоғамға бейілділігі мен тәжірибесі расталған үкіметтік емес ұйымдары мен қоғамдық топтарының мүшелері;
  • Өтінім ағылшын немесе орыс тілдерінде толтырылуы тиіс.

 

Өтініш беру мерзімі: 12 тамыз 2022 жыл.

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады

https://www.praguecivilsociety.org/events/fellowships-2022-2023?lang=ru