Жарияланған күні: 09.11.2022
БҰҰ-ның Демократия қоры азаматтық қоғамның дауысын күшейтетін, адам құқықтарын ілгерілететін және барлық топтардың демократиялық процестерге қатысуын ынталандыратын жобаларды қолдайды. Демократия қоры жобалары екі жылдық мерзімді құрайды. Үміткерлер кем дегенде 100 000 АҚШ доллары және максимум 250 000 АҚШ доллары көлеміндегі грантқа сұраныс жібере алады. Демократия қоры жобаларының басым бөлігі жергілікті азаматтық қоғам ұйымдарын қолдайды.
2006 жылдан бері БҰҰ-ның Демократия қоры 120-дан астам елде жалпы сомасы 210 миллион АҚШ долларын құрайтын 800-ден астам жобаны қаржыландырды. Ұсыныстарды қатаң іріктеу нәтижесінде орта есеппен барлық ұсыныстардың тек екі пайызы ғана таңдалады.
Жобаның әлеуетті бағыттары:
1) Заң үстемдігі және адам құқығы
2) Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту
3) Жастардың белсенділігін қолдау
4) Азаматтық қоғамның үкіметпен өзара іс-қимылын күшейту
5) БАҚ және ақпарат бостандығы
6) Сайлау процестері
Конкурс шарттары:
- Конкурсқа қатысуға өтініш беруге құқығы бар:
○ Демократияны ілгерілетумен айналысатын азаматтық қоғам ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдар;
○ Тәуелсіз және конституциялық органдар;
○ Біріккен Ұлттар Ұйымынан басқа жаһандық және аймақтық үкіметаралық органдар, ұйымдар мен бірлестіктер;
- БҰҰ ұйымдарын, жеке тұлғаларды, пайда табуды көздейтін немесе мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру мүмкін емес;
- Өтінім ағылшын немесе француз тілдерінде онлайн түрде берілуі керек.
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 30 қараша, 2022 жыл
Толық ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://www.un.org/democracyfund/apply-for-funding