Еуропалық комиссия «Адам құқықтары және Демократия» тақырыптық бағдарламасы шеңберіндегі жобалар бойынша қаржылық қолдау көрсету үшін ұсыныстар қабылдайды.

Жарияланған күні: 02.06.2022


Адам құқықтары мен демократияның тақырыптық бағдарламасы Демократия мен Адам құқықтары туралы Еуропалық құжаттың (EIDHR) негізгі ерекшеліктеріне негізделген, оның мақсаты адам құқықтарын, бостандықтарын, демократия мен құқық үстемдігін көтермелеу және қорғау болып табылады. Осылайша, осы конкурс шеңберіндегі барлық ұсыныстар (1) негізгі бостандық шарттарына кепілдік беретін нормативтік-құқықтық ортаны жақсартуға; (2) тәуелсіз БАҚ пен азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін арттыруға, кәсіби журналистика мен сыни ойлау құндылықтарын ілгерілетуге бағытталуы тиіс.

 

Байқаудың мақсаттары:

  • Журналистерді, блогерлерді және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да қызметкерлерін қорғау және қолдау мақсатында негізгі бостандық шарттарын қамтамасыз ету бойынша азаматтық қоғам ұйымдары мен тәуелсіз БАҚ мүмкіндіктерін нығайту.
  • Қоғамның хабардарлығын арттыру және жаңа технологияларды реттеу мен пайдаланудағы адам құқықтары мен демократия рөлін жан-жақты талқылау.

 

Бір ұсыныстың құны 220 000-нан 250 000 еуроға дейін болуы мүмкін.

 

Конкурс шарттары:

  • Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасында немесе Еуропалық Одаққа мүше мемлекетте тіркелген коммерциялық емес ұйымдар өтінім беруге құқығы бар;
  • Үміткерлер ағылшын тілінде өтініш беруі керек.

 

 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 14 маусым 2022 жыл, сағат 16:00 (GMT+6).

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:

https://webgate.ec.europa.eu/europeaid/online-services/index.cfm?ADSSChck=1654160322929&do=publi.detPUB&orderbyad=Desc&searchtype=QS&aoref=174421&page=1&nbPubliList=15&orderby=upd&userlanguage=en