Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша
жобалау кеңсесі
Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалау кеңсесі 2020 жылдың қаңтарында құррылды.
Жобалау кеңсесінің негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларына қаржылық қолдау көрсету үшін потенциалды донорларды іздестіру мен гранттық конкурстарға қатысу болып табылады.
Жобалау кеңсесі қызметінің басты бағыттарының бірі азаматтық секторды дамытуға тарту шеңберінде ортақ жігер мен ресурстарды шоғырландыру мақсатында мүдделі тараптармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бағытта мемлекет-бизнес-үкіметтік емес ұйымдар диалог алаңдарын ұйымдастыруға, бизнес өкілдері арасында филантропияны және әлуметке бағытталған қызметтерді дамытуды насихаттауға қатысу арқылы грант беруші және донор ұйымдармен өзара әрекеттестікті ілгерілетуге бағытталған жұмыстар атқарылады.
Жобалау кеңсесі қызметінің бағыттары:
1. Қазақстанда донорлық істі көпшілік арасында тарату;
2. азаматтық бастамалардың жүзеге асырылуына донорлардың қаражатын тарту;
3. грант беруші ұйымдардың гранттық конкурстарына қатысу;
4. гранттық қаржыландыру саласына әлемдік озық тәжірибені енгізу;
5. Қазақстан ҮЕҰ әлеуетін арттыруға қаражат тарту;
6. гранттардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу және алып жүру;
7. гранттық конкурстарға қатысу шеңберінде ҮЕҰ-дың жобаларын жанамалау.