BIRGEMIZ

«Birgemiz» жалпыұлттық жобасының негізгі мақсаты – волонтерлік саладағы нақты жергілікті міндеттерді шешуде волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру.

Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында 8 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады.

Конкурсқа еріктілер болып табылатын кәмелетке толған қазақстандықтар, сондай-ақ бастамашыл топтар мен үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Конкурс аясында 300 000 теңге көлемінде шағын гранттар алатын 240 жеңімпаз айқындалады. 2024 жылы мемлекет волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға жалпы 70 миллион теңгеден астам қаржы бөледі.

Өтінімдерді «Birgemiz» жобаларын жүзеге асыратын және «Birgemiz» шағын гранттар конкурсына қатысу мәселелері бойынша консультациялар беретін 8 үкіметтік емес ұйым қабылдайды.

BIRGEMIZ: Bilim
 
Жоба волонтерлерді тарту арқылы халықтың әртүрлі топтарының, оның ішінде ауылдық жерлерде цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған.

Жоба ұйымдастырушысы: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефоны: Аманжолова Аида, +7 708 260 20 07
Әлеуметтік желілер: Instagram: @jasulan_qz, @birgemiz.bilim2023
Электрондық пошта: zhasulan2020@mail.ru
Сайты: https://taplink.cc/jasulan_qz

ЕРЕЖЕ

BIRGEMIZ: Saýlyq
 
Жоба денсаулық сақтау саласында волонтерлерді тарту, оның ішінде стационарлық жағдайда ем ұсынатын медициналық мекемелерге (хоспистер, онкологиялық диспансерлер және т.б.) волонтерлерді тартуға бағытталған.

Жоба ұйымдастырушысы: «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефоны: Рахметова Жанна, +7 747 408 66 37
Әлеуметтік желілер: Instagram: @birgemiz.saulyq, @qazmed_jastary
Электрондық пошта: qazmedzhastary@gmail.com

ЕРЕЖЕ

BIRGEMIZ: Sabaqtastyq
 
Жоба балалар үйіндегі балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарға, еріктілерге тәлімгерлік ету тәжірибесін енгізуге бағытталған.

Жоба ұйымдастырушысы: «QOLDAU» білім беру орындарының қамқоршылық кеңесі» қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефоны: Шамакова Жанат, +7 701 516 15 68
Әлеуметтік желілер: Instagram: @qoldau_kz
Электрондық пошта: psqoldau@gmail.com

ЕРЕЖЕ

BIRGEMIZ: Taza Álem
 
Жоба экология, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету, экологиялық қауіпсіздік саласында азаматтарды волонтерлік қызметке тартуға бағытталған.

Жоба ұйымдастырушысы: «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры

Байланыс телефоны: Галимова Айдана, +7 777 310 82 61
Әлеуметтік желілер: Instagram: @birgemiz_taza_alem2022, Facebook: birgemiztazaalem
Электрондық пошта: birgemiztazaalem.work@gmail.com

ЕРЕЖЕ

BIRGEMIZ: Asyl mura
 
Жоба мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау жөніндегі жобаларға волонтерлерді тартуға бағытталған.

Жоба ұйымдастырушысы: «Даналық» қоғамдық қоры  

Байланыс телефоны: Нұржан Айгерім, +7 778 321 11 52, +7 775 433 43 38
Әлеуметтік желілер: Instagram: @danalyq_semey
Электрондық пошта: ⁠ofdanalyk@mail.ru

ЕРЕЖЕ

BIRGEMIZ: Qamqor
 
Жоба әлеуметтік қызмет көрсететін, оның ішінде қарттар үйінде әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға волонтерлерді тартуға бағытталған.

Жоба ұйымдастырушысы: «Мархабат.KZ мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефоны: Меруерт Өтегенова, +7 705 116 38 36
Әлеуметтік желілер: Instagram: @marxabat_kz
Электрондық пошта: oo.marxabat.kz@mail.ru

Сайт: https://taplink.cc/marxabat.kz

ЕРЕЖЕ

BIRGEMIZ: Úmit
 
Мақсаты: Жоғалған адамдарды іздестіру, халық пен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға және іске асыруға волонтерлер мен азаматтарды тарту.

Жоба ұйымдастырушысы: «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қоры  

Байланыс телефоны: Иванов Вениамин, +7 777 452 82 74
Әлеуметтік желілер: Instagram: @kzovol, Facebook: KZOvol
Электрондық пошта: kzovol@gmail.com

ЕРЕЖЕ

BIRGEMIZ: Ayala
 
Жоба жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Жоба ұйымдастырушысы: «Green Help» қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефоны: Жұмабаева Әсем, +7 775 293 96 50
Әлеуметтік желілер: Instagram: @birgemiz.ayala, Facebook: @birgemiz.ayala
Электрондық пошта: bergemizayala@yandex.ru
Сайты: https://greenhelp.kz

ЕРЕЖЕ