Сарапшылық комиссиясының мүшесі болуға шақырамыз

Жарияланған күні: 13.01.2017


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды беру конкурсы аясында сарапшылық комиссияны құруға ҮЕҰ өкілдерін қатысуға шақырады

1. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сарапшылық комиссиясы туралы

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) – ҮЕҰ-ды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады. 2017 жылы Орталық және Қазақстан республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды беруге екінші конкурсын өткізіп отыр.
Орталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына» (бұдан әрі – Қағида) сәйкес үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен конкурстық өтінімдерді тәуелсіз сараптамадан өткізу мақсатында, сарапшылық комиссия құрмақшы.
Сарапшылық комиссия құрамының өзгеруіне байланысты Орталық, ҮЕҰ өкілдерін сарапшылық комиссия құрамына ену үшін өздерінің кандидатураларын ұсынуға шақырады.
Сарапшылық комиссия мүшелері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен жасақталатынын хабарлаймыз. Сарапшылық комиссия мүшелерінің жалпы санының 30 %-ын оператор, ал 70%-ын үкіметтік емес ұйымдар ұсынады. Жалпы, сарапшылық комиссия мүшесінің құрамы Төраға және оның орынбасарлары, жалпы саны 7-ден 9-ға дейін мүшелерден және хатшыдан құралған.
Әрбір үкіметтік емес ұйым сарапшылық комиссия құрамына тек бір ғана өкілін ұсына алады. Сарапшылық комиссияның құрамына бір жыл ішінде бір сарапшыны бір рет қана ұсынуға болады. 2016 жылғы шілде-тамыз айларында ҮЕҰ-дан ұсынылған сарапшылар қарастырылмайды. Жалпы ҮЕҰ-дан сарапшылық комиссияға 2-ден 5-ке дейін жаңа сарапшылар шақырылады.
2016 жылғы эксперттік комиссия құрамының тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыздар https://cisc.kz/media/news/tspgi-sformiroval-ekspertnuyu-komissiyu-dlya-otbora-npo-v-ramkah-konkursa-…

2. Эксперттік комиссия мүшелерінің қызметі

Тәуелсіз сараптамадан өткізу барысында сарапшылық комиссия мүшесі:
– Қағиданың 36 тармағындағы талаптарға сәйкес құжаттарды зерделейді және бағалайды;
– сарапшылық комиссия отырысына қатысады;
– Қағидалардың және басқа да құқықтық нормативтік актілердің талаптарын сақтайды;
– әділ әрі алаламай шешім шығарады.

3. Бюджеті мен мерзімі

Әрбір сарапшыға төленетін болжамды ақы – 100,000 (жүз мың) теңге (салықты есептемегенде), үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды беру конкурсының отырысына басқа қалалардан қатысушы сарапшылардың тұрғын үй және жол шығындарын Орталық соңына қарай төлейді.

Орындалу мерзімі
Тәуелсіз сарапшылар құжаттарды қарау және шешім шығаруды Оператор өтінімдерді қарауға берілген күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүргізеді.

4. Сарапшыларды іріктеу өлшемдері:

ҮЕҰ тарапынан конкурсқа эксперттік сарапшы ретінде қатысуы туралы өтінім құжаттары Орталықтың бағалау комиссиясында қарастырылады. Ұсынылған өтінімдерді бағалаған кезде төмендегілер ескеріледі:
1. Сарапшының гранттарды жүзеге асыру саласындағы біліктілігі (Гранттардың тақырыптары 1 қосымшада баяндалған) (50%)
2. Гранттарды жүзеге асыру саласындағы жұмыс тәжірибесінің екі жылдан кем болмауы және растайтын құжаттардың болуы (30%)
3. Конкурстық/іріктеу комиссиясының жұмысына қатысу тәжірибесі (20%)

5. ҮЕҰ өкілі ретінде эксперттік сарапшы болуға өтінімнің үлгісі

Конкурсқа эксперттік комияссия құрамында қатысу үшін төмендегі ақпаратты беру қажет:
1. Конкурстық комиссия жұмысына қатысу тәжірибесі баяндалған түйіндеме (мұндай тәжірибесі бар болған жағдайда) және гранттарды жүзеге асыру салаларымен байланысты іске асырған жобалары, жүктелген міндеттері мен қол жеткізген нәтижелері туралы ақпарат.
2. Гранттарды жүзеге асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі екі жылдан кем емес екенін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс мерзімі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама).
3. Мінездеме ( 2-ден кем емес )

6.ҮЕҰ тарапынан конкурсқа эксперттік сарапшы ретінде қатысушылардың құжаттарын қарастыру барысы

1. Конкурсқа қатысушы үшін өтініш беруші құжаттарды grants@cisc.kz электронды поштасына жібергеннен кейін, жүйемен хатты алғандығы туралы автоматты түрде растау жауабы жолданады.
2. Орталық ҮЕҰ тарапынан конкурсқа эксперттік сарапшы ретінде қатысуға келіп түскен құжаттарды іріктеу талаптарына сәйкестігіне қарастырып, кейін құжатта көрсетілген электронды мекен-жайларға нәтижесін хабарлайды.
3. Эксперттік комиссияның бекітілген құрамы орталықтың ресми www.cisc.kz сайтында жарияланады.

7.Мекен-жайы мен байланыс ақпараты

Өтінімді 2017 жылдың 17 қаңтарын қоса есептегенде сағат 18.00-ге (Астана уақытымен) дейін, «Сарапшылық комиссияға қатысу» деген белгі қойып, grants@cisc.kz электронды поштасына жіберу қажет.
Қосымша ақпарат пен сұрақтарға жауап алу үшін Орталықтың қызметкері Мадина Каримоваға, 8(7172) 28-02-34 телефоны арқылы хабарласуға болады.