Орталық ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен гранттарды беруге қайта конкурс жариялайды

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ ҚАЙТА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ 

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады. 

  1. Конкурс туралы

Оператор Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге қайта конкурс жариялайды. Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

  1. Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы;

12) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.

  1. Мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:

 

№ р/с Заңның
5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы
Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар
(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)
1. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету      Қазіргі уақытта интернет, оның ішінде әлеуметтік желілер негізгі ақпараттық алаңына айналды. Деструктивті діни ағымдар жылдан жылға өз аудиториясын арттырып, интернет-ресурстары арқылы жақтаушылар саны артып келеді. Ақпараттық кеңістіктегі радикалды контенттің көбеюі – заңды құбылыс. Ал радикалды материалдарды бұғаттау және жою жөніндегі жұмыс салдарымен күресу болып табылады және мәселені шешуге ықпал ете алмайды. Қазіргі уақытта басты назар алдын алу шаралары мен қарсы насихатқа аударылуы керек.

Бұл ретте, «Kazislam» порталы өз жұмысының шеңберінде діндар азаматтарға (негізінен 18-40 жас аралығындағы жастарға) олардың қателіктері мен адасушылықтарын түсіндіріп, дінтану ағартушылық арқылы оларды деструктивті діни идеологиядан алыстатпақ болады.

Портал радикализм мен экстремизмге орын болмайтын Қазақстандағы мұсылмандар діндарлары арасында дұрыс исламдық дүниетанымды қалыптастыратын ислам туралы беделді отандық ақпарат көздерінің біріне айналады.

Жоба шеңберінде отандық ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерін, дінтанушылар мен теологтарды тарта отырып, ислам құқығына, исламдағы отбасына, зайырлы қоғамдағы діннің рөліне, қазақ халқының дәстүрлері мен олардың исламмен байланысына, сондай-ақ дін канондарын дұрыс түсініп, түсіндіруге қатысты өзекті мәселелерді  түсіндіретін сараптамалық айдарының қызметі ұйымдастырылуда.

2024 жыл –

69 982 мың тг

 

2025 жыл –

74 181 мың тг

 

2026 жыл –

78 632 мың тг

1 ұзақ мерзімді грант Нысаналы индикатор:

1) «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының оқырман аудиториясының кемінде 15%-ға ұлғайту   – жыл сайын;

2) «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының оқырман аудиториясынан сайтқа келіп түсетін жолданымдар санының кемінде 10%-ға ұлғайту – жыл сайын

 

Күтілетін нәтиже:

1)              «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру – жыл сайын;

2)              түрлі медиа форматтағы материалдарды тұрақты негізде дайындау және орналастыру, оның ішінде  халықты дінтану ағартушылық, ұлттық бірдейлік пен мемлекеттілік тұрғысында ислам канондарын дұрыс түсіну мен түсіндіру, деструктивті діни идеологияның таралуын профилактикалау үшін отандық ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдерін, дінтанушыларды, теологтарды және т.б. тарту – жыл сайын;

3)              халық арасында ислам туралы діни білімнің анық (сенімді) отандық көзі ретінде порталды кеңінен ақпараттық ілгерілету – жыл сайын.

1) офистің болуы (кемінде 60 м2 болатын жеке немесе жалға алынған үй-жай);

2) бейнеаппаратура мен медиатехниканың, фотоаппараттың, бейнекамераның, штативтің, жарықтандыру құралдарының болуы.

2024 жылға БАРЛЫҒЫ   69 982  
2025 жылға БАРЛЫҒЫ   74 181  
2026 жылға БАРЛЫҒЫ   78 632  

 

  1. Қағидалардың 47 тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында ілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер  болмаса;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.

  1. Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмеуі;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздардың болмауы. 

  1. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 25 (ЖИЫРМА БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «26» АҚПАН МЕН «04» СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН. 

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

  1. Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта grants@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта grants@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №9 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін ұзақ мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты);

3) ұйымның соңғы есепті күнгі бухгалтерлік балансы;

4) тартылатын серіктестердің тізбесі және көрсетілген серіктестердің ұсынылатын әлеуметтік жобаға қатысуға келісімі;

5) өтініш берушінің жеке салымы немесе әлеуметтік жобаны қаржыландырудың басқа көздері болған кезде растайтын құжаттар;

6) ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуын растайтын құжаттар. 

  1. Қосымша ақпарат және консультация алу

Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;

2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;

3) «Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;

4) grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

  1. ҮЕҰ-ға арналған гранттарды берудің бекітілген жоспары

Конкурс «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы «04» қаңтардағы № 05-НҚ бұйрығы шеңберінде өтеді.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/580007?lang=ru

Құжаттар:

Шарт

Өтініш үлгісі

Бұйрық

Гранттар жоспары

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7

Қосымша 8

Қосымша 9

Әдістемелік ұсынымдар