«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ТАПСЫРЫСЫМЕН «АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БЕРУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ тапсырысымен 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
№ |
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі
(мың теңге) |
Грант түрі | Нысаналы индикатор |
1 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру | Өткен жылдан бастап аймақта педагогтардың кәсіби өсуінен бастап жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру бағытында кешенді іс-шаралар қолға алынды.
Аймақта білім беру саласындағы басшылық және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру үдерісін ұйымдастыру қажеттілігі туындап келеді. Аймақтағы білім беру саласының кадрлық әлеуетін арттыру – педагогтердің тиісті білім деңгейін қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарындағы ішкі-әдістемелік жұмыс жүйесін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда өңірдегі мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы басшылық және педагогикалық құрамның құқықтық білімін арттыру оның ішінде білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді пайдалану тәртібін меңгерудің өзектілігі артып келеді. Сондай-ақ мектепішілік бақылау жоспарын құру және оны жүзеге асыру бойынша жалпы білім беретін мектептердің басшыларына ақпараттық-түсіндіру практикалық жұмыстарын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін бағалау тестілеуіне дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу қажет.
|
11 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы кемінде 620 басшылық және педагогикалық құрам өкілдерінің әртүрлі салалар бойынша біліктілігін арттыру Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысындағы кемінде 170 мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарындағы басшылық және педагогикалық құрамның мектепішілік бақылау ұйымдастыру мәселелері жөнінде өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету; 2) Республикалық сарапшыларды тарта отырып аймақтағы мемлекеттік жалпы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кемінде 310 басшына арналған құқықтық оқыту шараларын ұйымдастыру; 3) Республикалық сарапшыларды тарта отырып аймақтағы мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарының кемінде 170 басшы орынбасарыларына арналған мектептің даму бағдарламасын әзірлеу, мектепішілік бақылау жоспарын жасақтау және оларды жүзеге асыру бойынша біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастыру; 4) Республикалық сарапшыларды тарта отырып аймақтағы мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кемінде 140 педагогына арналған біліктілікті бағалау тестіне дайындау бойынша оқыту шарасын ұйымдастыру |
2 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Аймақтағы білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде кешенді ақпараттық жұмысты жүргізу | Маңғыстау облысының білім беру саласындағы сыртқы және ішкі коммуникацияларды жүзеге асыру барысында біртұтас ұстанымдарды қалыптастыру үшін кешенді әрі жүйелі ақпараттық саясатты ұйымдастыру қажет. Бұл азаматтардың аймақтағы білім беру саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге, өңіраралық байланысты нығайтуға, аталған саладағы озық тәжірибелерді насихаттауға және енгізуге, аймақтағы білім беру саласының оң имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда аймақ педагогтары мен оқушыларының қол жеткізген нәтижелерін насихаттау арқылы олардың беделін, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, бастамаларын ынталдыру жоғары сұранысқа ие. Демек өңірдегі білім беруді дамытуға бағытталған шараларды азаматтарға ашық әрі жедел жеткізуді сапалы ұйымдастыру қажет. |
10 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысындағы білім беру қоғамдастығын дамытуды ілгерілету мақсатында білім беру саласының озық тәжірибелері туралы кемінде 30 материал әзірлеу және тарату Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының ақпараттық ашықтығына жауапты кемінде 70 маманның біліктілігін арттыру; 2) Маңғыстау облысының білім басқармасының барлық әлеуметтік желілердегі парақшаларын насихаттау және оқырмандар санын арттыру; 3) Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде республикалық басылымдарда кемінде 10 мақала, порталдарда 10 мақала, электронды БАҚ-та 10 мақала жариялау; 4) Маңғыстау облысындағы білім беру саласының озық тәжірибелерін таныстыру мақсатында республика деңгейіндегі ықпалды адамдардың және журналисттің қатысуымен ақпараттық тур ұйымдастыру |
3 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілетін дамыту | ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген. Демек, білім беру ұйымдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету болып табылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың қоғамға бейімделу қабілетін арттыруда олардың білім алудағы шығармашылық әлеуетін пайдалану және дамыту жоғары маңызға ие. Қазіргі таңда өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында 85 дефектолог, 60 логопед, 86 педагог-ассистент маманы, арнайы білім беру ұйымдарында 36 логопед, 57 дефектолог маманы жұмыс жасайды. Алайда, білім беру ұйымдарының көпшілігінде инклюзивті білім беру моделі бойынша жұмыс істейтін мамандардың кәсіби қабілеттерін шыңдау қажеттілігі бар. Оның ішінде аталған балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға тікелей бағыт-бағдар беретін музыка, технология, дене шынықтыру пәні мұғалімідерінің ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудағы құзыретін арттыру қажеттілігі бар. |
10 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Аталған жобаны іске асыру арқылы аймақтағы кемінде 300 ерекше білімге қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасайтын маманның біліктілігін арттыру Күтілетін нәтижелер: 1) Республикалық сарапшыларды тарта отырып Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кемінде 75 медицина және дене шынықтыру мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру; 2) Республикалық сарапшыларды тарта отырып Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кемінде 75 дене шынықтыру маманының кәсіби құзыреттілігін арттыру; 3) Республикалық сарапшыларды тарта отырып Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кемінде 75 музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру; 4) Республикалық сарапшыларды тарта отырып Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кемінде 75 технология пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру; 5) Мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру шаралары бағдарламаларын Маңғыстау облысының білім беру мемлекеттік мекемесінің қатысуымен бекіту 6) Аталған жоба аясында кәсіби құзыреттілікке ие болған мамандардың қорытынды жиынын ұйымдастыру
|
4 | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Аймақтағы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойында отбасылық-ұлттық құндылықтарды қалыптастыру | Елімізде білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеуге бағытталған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді. Аталған бағдарлама білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырып, оқушыларға қатысты әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда «Үштік одақ: мектеп – ата-ана – оқушы» моделін пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қоғам тарапынан жоғары сұранысқа ие. Аталған модель аясында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, балалар мен жасөспірімдерге қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие беру маңыздылығын жеткізу, аталған күрделі мәселені шешуде қоғамдық пікір көшбасшыларын, сарапшылар мен руханият өкілдерін тарту қажет. |
10 000 | Қысқа мерзімді
1 грант |
Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында отбасылық-ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру арқылы кемінде 7 500 ата-ана мен баланы ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие беруге тарту Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысындағы ата-аналар кеңесінің жұмысын жандандыруға бағытталған кемінде 3 500 ата-ана қамту арқылы 5 қоғамдық іс-шара ұйымдастыру; 2) Маңғыстау облысындағы ірі зиялы қауымның кемінде 6 өкілін, үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің қатысуымен ата-аналарға арналған кемінде 1500 адамның қатысуымен 3 алқалы кеңес ұйымдастыру; 3) Елімізге танымал, республикалық деңгейдегі кемінде 3 сарапшыны тарта отырып, аймақтағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған ұлттық құндылық, ұлттық тәрбие тақырыптарында 5 аудан және 2 қалада кемінде 2500 адамды қамтитын кездесу ұйымдастыру |
5 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Аймақтағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу | Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Аталған міндетті жүзеге асыруда білім беру ұйымдарынан бөлек, өзге де мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап етеді.
Аймақта 2023-2024 оқу жылдарында 5-9 сыныпта 81 905 оқушы, 10-11 сыныпта 15 568 оқушы бар. Маңғыстау облысында 2023 жылы кәмелетке толмағандардың арасында 60 құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Аталған дерек жасөспірімдердің құқықбұзушылыұ деңгейінің өткен жылмен салыстырғанда 33,3 %-ға артқанын көрсетіп отыр. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзылушылықтар артуы, зиянды әдеттердің трансформациялануы және балаларға қатысты жағымсыз құбылыстардың ауқымы мен формасының жылдам өзгеруі білім беру саласында сын-қатерлер мен тәуекелдерді тудырып отыр. Аталған мәселелерді шешуде қоғамның барлық тобы бірлескен жұмысты ұйымдастырып, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге атсалысу қажет. Аймақта жасөспірімдердің бойынша жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған зияткерлік, қоғамдық-мәдени, спорттық іс-шараларды, жасөспірімдердің сұранысына қарай әртүрлі форматтағы ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, ата-аналардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді ақпараттық жұмысты ұйымдастыру қажет. |
9 000 | Қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Аймақтағы жалпы білім беру ұйымдарындағы 5-11 сынып оқушыларының 5%-ын құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмысқа тарту Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысындағы мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып аралығындағы оқушыларына арналған 1 зияткерлік, 1 қоғамдық, 2 спорттық іс-шара ұйымдастыру; 2) Маңғыстау облысындағы мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып аралығындағы оқушыларына арналған пікірсайыс лигасын ұйымдастыру; 3) Аймақтағы белгілі спортшыларды, қоғамдық пікір көшбасшыларын, зиянды әдеттен арылған «кейіпкерлерді» тарта отырып, 5-11 сынып аралығындағы оқушыларына арналған кемінде 3 мотивациялық кездесу ұйымдастыру; 4) Жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік жағымсыз құбылыстар (суицид, қаржылай алаяқтық, нашақорлық пен есірткіге тәуелділік, буллинг және кибербуллинг, зорлық-зомбылық) жөнінде ақпараттындыруға бағытталған кешенді ақпараттық жұмысты (видео-фото, типографиялық материалдар дайындау) және жалпыхалықтық науқанды ұйымдастыру 5) Аймақтағы ата-аналардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру; 6) Маңғыстау облысындағы қоғамдық ұйымдар мен қоғам белсенділерін тарта отырып, профилактикалық рейдтер ұйымдастыру |
6 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту | Маңғыстау облысында кәмелет жасқа толмағандар арасында 2023 жылы 11 аяқталған, 6 аяқталмаған суицид фактісі тіркелген. Аймақтағы сарапшылар жасөспірімдердің психоэмоционалдық тұрақсыздығы салдарынан суицидтік мінез-құлық қаупіне көбірек ұшырайтындығын айтып отыр.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша жалпы білім беру ұйымдарында 266 педагог-психолог, оның ішінде 83 (31%) жас маман, 137 (51%) санатсыз педагог-психологтар жұмыс жасайды. Бұл көрсеткіш жалпы білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың кадр тұрақсыздығын және мамандардың тәжірибелерінің аздығын көрсетеді. Бүгінде аталған суицидтік мінез-құлық қаупі бар «қауіп-қатер» тобына жататын кәмелетке толмағандарды анықтау және олармен адрестік жұмыс жүргізу, оларға мультидисциплинарлы тобымен (жалпы тәжірибелі психотерапевт, дәрігер психиатр, психолог) уақытылы кеңес беруін қамтамасыз ету, еліміздегі тәжірибелі мамандардың қатысуымен білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың біліктілігін арттыру, сарапшы мамандарды тарта отырып аймақтағы педагог-психологтарға арналған әдістемелік құрал жасақтау, суицидтің алдын алу бойынша ата-аналарға арналған кешенді дәрістер бағдарламасын ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. |
10 000 | Қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Маңғыстау облысында аталған жобаны іске асыру арқылы аймақтағы білім беру ұйымдарындағы кемінде 450 маманның біліктілігін арттыру Күтілетін нәтижелер: 1) Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кемінде 198 әлеуметтік педагогы мен 251 психолог маманына арналған халықаралық және республикалық деңгейдегі суицидология және психология саласының сарапшыларының кемінде 3 модульдік оқытуын ұйымдастыру; 2) Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымдары оқушыларының ата-аналарына арналған 7 елді-мекенде консультациялар, семинар-тренингтер сериясын ұйымдастыру; 3) Еліміздегі суицидолог және психолог мамандарын тарта отырып «Қауіп қатер тобына» жататын жасөспірімдерге консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру; 4) Маңғыстау облысындағы жасөспірімдерге қатысты әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу бойынша кемінде 3 жиын ұйымдастыру; 5) Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған 2 видеоролик пен 1 әдістемелік құрал дайындау. |
Барлығы | 60 000 |
- Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы;
12) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39–тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «7» АҚПАН МЕН «27» АҚПАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта grants-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00 мен 18.30 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта grants-mangystau@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
1) өтінім беру мәселелері бойынша келесі телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 04, 79 08 03, 79 04 30;
3) «Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша келесі телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 28;
4) grants–mangystau@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған гранттарды берудің бекітілген жоспары
Конкурс «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ басқарма басшысының «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «05» ақпандағы №24 нқ бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/documents/details/601296?lang=ru