Алматы облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша конкурс

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ» ММ

ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

  1. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.

  1. Конкурс туралы

Оператор «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.

Конкурс Азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

  1. 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
Заңның

5-бабының

1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор  
1. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту «Адал азамат – саналы қоғам» әділ қоғамын құру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу

 

Әділеттілік мәселесі барлық кезде әртүрлі қоғамдарда өзекті болды. Сонымен бірге нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, әділеттіліктің әр кезде әр аспектісі бірінші орынға шықты.

Мүмкіндіктердің теңсіздігі әділетсіз және тиімсіз. Сондықтан ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасы аясында іс-шараларды өткізудің маңыздылығы бүгінгі таңда өзекті тақырып. Өскелең ұрпаққа Отан мен отбасына адалдықты көрсету арқылы адал, әділ қоғам құру, ұлттық бірегейлікті нығайту және елдің жаңа құндылықтарын бекіту, сондай-ақ барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасауға жәрдемдесу – осы тұжырымдаманың негізгі бағыттары.

6 288 1 қысқа мерзімді грант

 

 

Нысаналы индикаторы:

Алматы облысы халқының кемінде 550 адамын тікелей қамти отырып, әділ қоғам құру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу.

 

Күтілетін нәтижелер:

1.     Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілдерін, журналистерді, табысты жастар мен меценаттарды тарта отырып, Алматы облысының 9 ауданында және Қонаев, Алатау қалаларында (білім беру мекемелерінде, жастар ұйымдарында, қоғамдық орындарда) «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасы шеңберінде идеологиялық іс-шаралар кешенін (дәрістер, тренингтер, семинарлар) өткізу (қатысушылар саны кемінде 500 адам);

2.     Қоғамда адалдықты, парасаттылықты және игі істерді насихаттайтын 1 бейнеролик әзірлеу (ұзақтығы – 1-3 минут, мемлекеттік және орыс тілдерінде, ақпараттық қамтуы – кемінде 5 000 қаралым);

3.     Конкурстық негізде адал, әділ қоғам құруға бағытталған ҮЕҰ-ға және Алматы облысының бастамашыл топтарына кемінде 5 шағын грант (әрбір шағын грант – кемінде 200 мың теңге) ұсыну (қатысушы-өтініш берушілердің саны – кемінде 30 адам);

4.     Жергілікті атқарушы органдарды, БАҚ-тарды, облыстық ҮЕҰ өкілдерін және жоба қатысушыларын тарта отырып, «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылған іс-шараларды талқылау мақсатында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу (қатысушылар саны кемінде 20 адам).

 
 
2. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Алматы облысының әлеуметтік осал топтарынан шыққан ауыл әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту Ауыл әйелдері қалалық әйелдерге қарағанда осал жағдайда: ауылдағы табыстың төмендігі, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің шектеулігі, әлеуметтік қызметтер мен инфрақұрылымға қолжетімділіктің шектелуі, әйелдердің құқықтары туралы жеткілікті түрде хабардар болмауы.

Осыған орай, Алматы облысындағы әлеуметтік осал топтағы ауыл әйелдерінің жағдайын жақсарту мақсатында оқыту семинарларын ұйымдастыру қажет. Бұл Алматы облысының аудандарында әйелдердің әлеуетін ашудың практикалық дағдыларын дамыту және әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, мемлекеттік органдар мен жергілікті қоғамдастықтың өзара іс-қимылы және күш-жігерін үйлестіру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7 000 1 қысқа мерзімді грант

 

 

 

Нысаналы индикаторы:

Жоба аясында ұйымдастырылған іс-шараларға Алматы облысының әлеуметтік осал топтарындағы кем дегенде 1000 ауыл әйелдерінің қатысу арқылы олардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.

 

Күтілетін нәтижелер:

1. Алматы облысының 9 ауданында және Қонаев, Алатау қалаларында әлеуметтік осал топтағы ауыл әйелдері үшін гендерлік саясат саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдерімен әйелдер құқығы бойынша семинарлар өткізу (қатысушылар саны кемінде 300 адам);

2. Ауыл әйелдерінің өз бизнесін дамытуға қызығушылығын арттыру үшін Алматы облысының кемінде 9 ауданында және Қонаев, Алатау қалаларында шеберлік сыныптарын (офлайн) ұйымдастыру (қатысушылар саны кемінде 600 адам);

3. Ауылдық әйелдерге арналған қауіпсіздік, әйелдер құқығы және өзін-өзі қамтамасыз ету бойынша кеңестері бар «Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық» ақпараттық бейнеролигін әзірлеу, кейіннен әлеуметтік желілерде тарату (ақпаратты қамту кемінде 15 000 қаралым);

4. Ауыл әйелдерінің жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін дайындалған жаттықтырушыларға конкурстық негізде кемінде 8 шағын грант (әр шағын грант кемінде 200 мың теңге) ұсыну;

5. Алматы облысының табысты әйелдерімен TedX форматында іс-шараны ұйымдастыру, соның ішінде іс-шараға қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алу мүмкіндігі (қатысушылар саны кемінде 100 адам).

 
2024 жылға БАРЛЫҒЫ: 13 288 000 теңге

 Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.

  1. Қағидалардың 39-тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.

  1. Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.

  1. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «9» ШІЛДЕ МЕН «29» ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

  1. Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне қарай пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта, пошта байланысы арқылы немесе uvp-almaty.obl@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

3) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта uvp-almaty.obl@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029848#z440);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).

3) өтінімінің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» жолын толтырған жағдайда – серіктестердің хаттары, «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» жолын толтырған жағдайда – көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Шетелдік көздер есебінен әлеуметтік жобалар іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – шарттардың және әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері.

  1. Қосымша ақпарат және консультация алу

Конкурстық комиссияны іріктеу үдерісімен және қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласу керек:

1) өтінім беру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79-04-31;

2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы Презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 03, 79 08 07;

3) «Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 28;

4) uvp-almaty.obl@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

  1. ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

Конкурс «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «28» маусымдағы № 4/1-н бұйрығы шеңберінде өтеді.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-sayasat/documents/details/684926?lang=kk

Шарт

Өтініш үлгісі

Бұйрық

Гранттар жоспары 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7

Қосымша 8

Қосымша 9

Әдістемелік ұсынымдар