Міндеттері:
- Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін конкурсқа әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу;
- ҮЕҰ үшін гранттар ұсыну бойынша конкурсты ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- Құжаттардың толықтығын, гранттардың басым бағыттар тізбесіне және гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкестігін тексеру;
- ҮЕҰ-ға жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарламалар жолдау;
- Қоғамның гранттық қаржыландыруы шеңберінде ҮЕҰ-ға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік және басқа да қолдау көрсету (аталған мәселелер ДУП құзыретіне кіретін шекте);
- ҮЕҰ-дың грант ұсыну конкурстарына қатысуға берген өтінімдерін ДУП құзыретіне кіретін тармақтар бойынша (өтінімді толтыру мен қалыптастыру, грантқа сәйкестігі, құжаттардың толықтығы) қарау;
- ҮЕҰ-мен грант ұсыну туралы шарт жасасу кезінде әлеуметтік жобаның егжей-тегжейлі сипаттамасын (күнтізбелік жоспарды) тексеру және қабылдау;
- Шарт жасасу үшін өтініш берушілерден құжаттар сұратуды жүзеге асыру;
- Грант ұсыну туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) Қоғамның мүдделі қызметкерлерімен келісу;
- Шартқа барлық тараптардың қол қоюын қамтамасыз ету;
- Қосымша келісім жасасу арқылы Шарт талаптарына өзгерістер енгізуді жүзеге асыру;
- Шарт талаптарына сәйкес гранттық қаражатты уақтылы аударуды ұйымдастыру;
- Гранттардың іске асырылуын бағдарламалық тұрғыдан мониторингтеуді жүзеге асыру (мақсаттарға қол жеткізу, күтілетін нәтижелер, сапалық және сандық көрсеткіштер, шараларды уақытылы орындау және т.б.) – грант алушылардың бағдарламалық есептерін тексеру және қабылдау, сондай-ақ әлеуметтік жобалардың орындалу барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
- Гранттарды іске асыру шеңберінде әлеуметтік жобаның егжей-тегжейлі сипаттамасына (күнтізбелік жоспар) түзетулер енгізуді жүргізу;
- Грант алушылармен мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар шеңберінде жұмыс жүргізу, оның ішінде Қоғам мен грант алушы арасында жасалған шарттар шеңберіндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Коммуникация және ынтымақтастық департаменті үшін есептер, оның ішінде ҮЕҰ-ға гранттық қаржыландыру саласындағы оператор қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп, сондай-ақ мүдделі тараптар мен ақпараттық жариялылық үшін өзге де материалдарды қалыптастыруға қажетті ақпарат пен материалдарды дайындау;
- Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
- Бюджеттен тыс қаражат тарту шеңберінде тұжырымдамалар, бағдарламалар, іс-шаралар жоспарларын, арнайы жобаларды әзірлеуге қатысу;
- Гранттарды іске асыру мәселелері бойынша есептерді, жазбаларды және баяндамаларды дайындау;
- Жобаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген сапалық және сандық әсерді тексеру және растау;
- Қоғамның ішкі нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сақтау;
- Гранттар бойынша аралық және қорытынды есептерді келісу;
- Жобаны іске асыруды жүзеге асыру;
- Жобаның егжей-тегжейлі жоспарына түзетулер енгізу және өзгерістерді келісуді қамтамасыз ету;
- Іске асырылып жатқан жобалар бойынша ақпараттық анықтамалар дайындау;
- Жобалардың іске асырылу мәртебесі туралы ақпарат дайындау;
- Грантты басқару тиімділігі көрсеткіштерін мониторингтеу процесін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
- Іске асырылып жатқан жобалар, олардың бюджеттері мен тиімділік нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын жиынтық кестені жасау;
- Гранттық жобаларды іске асыру жоспары мен барысын ұйымдастыру және үйлестіру;
- Жобалар бойынша досье қалыптастыру;
- ДУП қызметі шеңберіндегі іс-шараларды жоспарлау, дайындау және хаттамалық қамтамасыз ету;
- Грант алушылардың, жеке және заңды тұлғалардың, бақылаушы органдардың сұрауларына Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына (бұдан әрі – ІНҚ) сәйкес уақтылы жауап беруді қамтамасыз ету;
- Өз құзырына берілген барлық құжаттардың және қалыптастырған досьенің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ІНҚ сәйкес оларды мұрағатқа сақтау/өткізуді ұйымдастыру;
- Сапалық және сандық көрсеткіштерді, ішкі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге немесе әзірлеуге қатысу;
- Үкіметтік емес секторды мемлекеттік қолдау шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша оқыту тренингтерін өткізу;
- Қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың, грант алушылардың өкілдерімен кездесулерге, келіссөздерге қатысу.
Талаптары:
• Жоғары білімі: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, гуманитарлық, жобалық менеджмент, техникалық;
• Жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
• Қазақ және орыс тілдерін жетік білу;
• Қазақ және орыс тілдерін жетік білу;
• Толық жұмысбастылық.