Winrock International қауіпсіз көші-қон бойынша USAID-тің жобасы шеңберінде гранттық өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды. Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон (SMICA) Winrock International Қазақстанда, Қырғыз Республикасында, Тәжікстанда, Түрікменстанда және Өзбекстанда жүзеге асыратын бес жылдық жоба болып табылады. Қазақстанда жүзеге асырылатын SMICA жобасы төменде көрсетілген бір немесе бірнеше мақсаттарды қолдай алатын мүдделі ізденушілерге іздеу жүргізуде. Əрбір мақсатқа бөлінген түпкілікті сома серіктестің келісілген іс-əрекеттеріне байланысты болады, бірақ 25,000 АҚШ долларынан аспауы қажет.
Іс-шаралар аса осал жағдайдағы халықты қауіпсіз көші-қонға және адам саудасына қатысты олардың білімдері мен қабілеттерін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз жұмыс іздеуге қолдау көрсетулері тиіс. Жеке сектордың қатысуымен жүзеге асырылатын іс-шаралар адамдардың осал санаттарына қауіпсіз жұмыс іздеуде олардың мүмкіндіктерін жақсартуға және өз құқықтарын қорғауға көмектесуі тиіс. Іс-шаралар жұртшылықтың жоба шеңберінде көтерілетін мәселелер жөнінде хабардар болуын, ақпараттық материалдарды тарату, кәсіби дайындықты немесе қауіпсіз және жауапты көші-қон саласында оқытуды қамтуы мүмкін. Грант нәтижелері жалдау кезінде этикалық нормаларды сақтау, қауіпсіз көші-қон және адам саудасы мәселелерін шешу мақсатында әрекет жасайтын жеке сектор компанияларының санын ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Мигранттарды мен олардың отбасыларын, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын тікелей қолдау жөніндегі іс-шаралар өмір сүруге қаражат көздерін қамтамасыз етуді, консультациялық немесе заң қызметтерін, сондай-ақ COVID-19 байланысты жағдай кезінде қалай қауіпсіздікте қалуға болатындығы туралы мәліметтерді беруді қамтуы мүмкін. COVID-19 байланысты жағдайдың нәтижесі осалдықтың артуына, шетелге көші-қон үшін мүмкіндіктер санының азаюына және ақша аударымдарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Бұл көмекке мұқтаж отбасылар мен балалар санының артуын, сондай-ақ мигранттар санының артуын білдіреді.
Бағдарламаның мақсаты: SMICA мигранттардың өз құқықтарын қорғау бойынша мінез-құлықтарының өзгеруіне ықпал етеді, осылайша оларды қолдау бойынша түрлі қызметтерге қосады, сондай-ақ олардың қабылдаушы қауымдастықтарға қосқан үлесін атап өтеді. Жоба сондай-ақ әлеуметтік қорғалмаған адамдар санатына және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету үшін саясатты реформалауға және үкіметтің әлеуетін нығайтуға жәрдемдеседі.
Шарттар: Бұл ұсыныс АҚШ резиденті болып табылмайтын коммерциялық емес жəне коммерциялық ұйымдарды қоса алғанда, барлық ұйымдар үшін ашық. Ізденуші жұмыс істейтін елде немесе елдерде кəсіпкерлік қызметті жүргізуге заңды түрде тіркелген немесе өзге де түрде уəкілеттік берілген болуы тиіс.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2020 жылғы 13 маусым
Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы ала аласыз: https://www.winrock.org/safe-migration-in-central-asia-6920-rfa-01/