«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БЕРУ
КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (әрі қарай – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.
- Конкурс жөнінде
Оператор Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының 12 сәуір 2005 жыл №36-III «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.
Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған ҮЕҰ-ны қоспағанда, ҮЕҰ дерекқорында мәліметтері бар, Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес грант алу үшін өтінім жасаған ҮЕҰ қатыса алады.
Оператор келесі жағдайлар орыналғанда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жолдайды:
- өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;
- өтінім бекітілген жоспарға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 03 маусымдағы № 190 бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдарға 2021 жылға арналған гранттар беру қосымша жоспарына» (бұдан әрі – Гранттар жоспары) сәйкес келмеген;
- Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмаған;
- грант тақырыбы Жарғыға сәйкес өтініш берушінің нысанасына, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.
Бекітілген Гранттар жоспарымен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:
1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) гранттың тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмесе;
3) грант тақырыбы бойынша сараптама комиссиясының бағалауына ұсынылған өтінімдердің бірде-біреуі ең жоғары қорытынды балл санының 50 (елу) пайызынан астамын жинамаған кезде конкурс өтпеді деп танылады.
- Өтінімдерді қабылдаудың күні мен уақыты. Өтінімдер жолданатын пошта мекен-жайы және электрондык пошта.
Өтінімдерді қағаз нұсқада немесе электронды тасымалдағышта Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5 қабат және grants@cisc.kzэлектрондық поштасына жіберу қажет.
Өтінімдерді пошта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізер кезде құжаттар тігіледі және өтінім берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2021 ЖЫЛҒЫ «07» МАУСЫМНАН БАСТАП «02» ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА НҰР-СҰЛТАН УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:00-ГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМНЕН КЕЙІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурсқа қатысуға қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтінімдер Операторға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақытынан кешіктірмей (02.07.2021 жылдың САҒАТ 18.00 ДЕЙІН) қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы MS Word форматында қағаз немесе электрондық тасығышта және басшының мөрлері мен қолдары бар PDF форматындағы бірыңғай құжатта енгізілуі тиіс.
СІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ БОЛУ ҮШІН, ӨТІНІМДЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА ЖІБЕРУГЕ БОЛАДЫ grants@cisc.kz.
- Грант ұсыну конкурсына қатысуға қажетті өтінім форматы мен құжаттар тізімі:
Өтінімдер осы хабарландырудың тек 2-ші пунктінде жарияланған тақырыптар бойынша ғана қабылданады.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) осы хабарландырудың 5-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;
2) осы хабарландырудың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы хабарландырудың 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;
4) осы хабарландырудың 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;
5) грантты іске асыруға, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған болжамды шығыстардың сомаларын көрсете отырып, осы хабарландырудың9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасын (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама сомасына белгіленген 10 (он) пайыздан аспайтын шеңберде). Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп жөндеу мен құрылыстың ағымдағы және күрделі нысандарын, жылжымайтын мүлікті сатып алуды қоспағанда, ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу түсініледі;
6) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
7) ұйымның соңғы есепті күнгі бухгалтерлік балансы(2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша);
8) көрсетілген әріптестердің және (немесе) тартылатын мамандардың ұсынылған әлеуметтік жобаға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға қатысуға келісімі;
9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар (жобаға қатысатын ұйымның ресми нысанында болған жағдайда немесе немесе жобаны қолдайтын адамнан жеке толтырылған құжат болған жағдайда беріледі).
Әлеуметтік жобаға өз үлесін қосқаны жайлы ақпарат ҮЕҰ хатымен расталады. Хат ұйымның ресми бланкісінде бірінші басшының (не оның міндетін атқарушының) қолы қойылған ресми құжат.
Әлеуметтік жобаға басқа қаржыландыру көздерінен түскен үлесі жайлы ақпарат қаржыландырып отырған тұлғаның хатымен расталады. Хат ұйымның ресми бланкісінде бірінші басшының (не оның міндетін атқарушының) қолы қойылған ресми құжат. Жобағаүлесін қосатын заңды тұлға үшін ұйымның ресми бланкісінде; жобаға қолдау көрсететін жеке тұлға үшін өз қолымен толтырылған құжат тапсырылуы тиіс.
Өтінім беруші құжаттардың түгел болуын және құжаттағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуі қажет.
Әлеуметтік жоба және бағдарламалардың жүзеге асырылу мерзімі Гранттар жоспарына сәйкес болуы тиіс.
Өтінімді толтыру кезінде жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні Гранттар жоспарымен бекітілгенін ескеру қажет
- Қосымша ақпарат және кеңестер
Сараптама комиссиясының жұмысы мен іріктеу процесі туралы толығырақ «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығынан таныса аласыздар.
Оператор қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Оператордың Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне төмендегі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа аласыздар:
- Ақмола облысы – ЖаксыбергеноваКуралай 8 701 803 00 67
- Ақтобе облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
- Алматы облысы–КенесбаеваАйжан 8 701 761 35 81
- Атырау облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
- Шығыс Қазақстан облысы – КенесбаеваАйжан 8 701 761 35 81
- Жамбыл облысы– Галимова Айдана 8 776 719 47 03
- Батыс Қазақстан облысы–Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
- Қарағанды облысы–ЖаксыбергеноваКуралай 8 701 803 00 67
- Қостанай облысы – КенесбаеваАйжан 8 701 761 35 81
- Қызылорда облысы–Галимова Айдана 8 776 719 47 03
- Маңғыстау облысы–Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
- Павлодар облысы–КанахинаБеназир 8 701 799 61 70
- Солтүстік Қазақстан облысы -ЖаксыбергеноваКуралай 8 701 803 00 67
- Түркістан облысы– Галимова Айдана 8 776 719 47 03
- Нұр-Сұлтан қаласы – Галимова Айдана 8 776 719 47 03
- Алматы қаласы – КанахинаБеназир 8 701 799 61 70
- Шымкент қаласы– КанахинаБеназир 8 701 799 61 70
- Бекітілген ҮЕҰ арналған мемлекеттік Гранттар жоспары.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м. а. 2021 жылғы 03 маусымдағы № 190 бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдарға 2021 жылға арналған гранттар беру қосымша жоспарының» аясында өткізіледі.
Ағымдағы конкурс осы хабарламаның 2-ші пунктінде көрсетілген Гранттар жоспарында бекітілген 22 тақырып бойынша өткізіледі.
Гранттар жоспары Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті жолдауларының басымдықтары, сондай-ақ мемлекетік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың көшірмесі және оның қосымшалары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында орналастырылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/174052?lang=kk.
Мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі