Жарияланған күні: 05.10.2018
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Г. Оралова 2018 жылғы 1-2 қазан күндері Талдықорған қаласында өткен «Азаматтық қоғам және мемлекет: диалог, ынтымақтастық, жауапкершілік» атты үкіметтік емес ұйымдардың форумына қатысты.
Форум жұмыстарына Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық Альянсының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.
Аталған форумның мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және тағы басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша қоғамның әлеуметтік модернизациялану процессіне азаматтық секторды тиімді тартуға бағытталған қоғамдық диалогты дамыту болып табылады.
Форумның екінші күнінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимаратында үкіметтік емес ұйымдар арасында тәжірибе алмасу мақсатында мастер-кластар (шеберлік сыныптар) өткізілді. Сонымен қатар, облыс орталығының Мәдениет сарайында пленарлық мәжіліс өткізілді, онда Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының үздік әлеуметтік жобаларының көрме-тұсаукесері ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Г. Оралова қатысушыларын гранттық қаржыландыру жүйесі туралы және Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру Қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратпен таныстырды. Өз баяндамасында Гүлнара Әлімжанқызы жүзеге асырылатын гранттық жобалардың ҮЕҰ-дың әлеуетінің артуына әсері туралы айтып өтті және мемлекеттік гранттардың санының және оған бөлінетін қаражаттың жыл сайын көбейіп жатқандығын, сәйкесінше, бұл жағдайлар тек қана әлеуметтік мәселелерді шешуге ғана емес, жалпы азаматтық қоғам үшін өзекті мәселелерді шешуге себеп болатындығын атап өтті.