Студенттер мен жастар арасында «Тағлым мен тағзым» атты кездесулер өтуде

Жарияланған күні: 20.09.2017


Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жоба аясында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен студенттер мен жастар арасында «Тағлым мен тағзым» атты кездесулер өтуде.

Жоба бойынша осы аптада

 Еуразия институты жанындағы қаржы-экономикалық колледжінде (19.09.2017ж. сағат 15-00 –де Т.Рысқұлбеков к-сі, 39а);

 Әуезов ауданында орналасқан № 104 жалпы білім беретін мектепте (21.09.2017ж. сағат 15-00 –де 2-ықш. ауд., Ұлықбек,59);

 Бостандық ауданындағы М.Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназиясында (22.09.2017ж. сағат 11-00 –де Түркебаев к-сі., 233);

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен Ұрпақтар сабақтастығын қолдауға және жастарды патриоттылыққа тәрбиелеуге байланысты кездесулер өтеді.

Хабарласу: 87273036806, 2778129, 87073240176.