Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Елшілігі Канадалық Жергілікті Бастамалар Қорының (CFLI) бағдарламасына қатысу үшін жыл сайынғы өтінімдер конкурсын жариялайды.
Байқаудың мақсаты: CFLI бағдарламасы дамушы елдерде жүзеге асырылатын шағын, жоғары тиімді жобаларды қолдауға бағытталған.
Ұсынылған жобалар келесі басым тақырыптарға сәйкес келуі керек:
- гендерлік теңдік және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту;
- алуан түрлілікті, демократияны, адам құқықтарын және заң үстемдігін қоса алғанда есеп беретін басқару;
- бейбітшілік пен қауіпсіздік, оның ішінде қақтығыстарды болдырмау мен бейбітшілік орнатуға көңіл бөлу;
- барлық адамдардың игілігі үшін өркендету, оның ішінде әйелдердің экономикалық құқықтарын жүзеге асыру, лайықты жұмыс орындарын ұсыну, кәсіпкерлікті дамыту, халықтың ең кедей және ең осал топтарына инвестиция салу және экономикалық жетістіктерді сақтау;
- экология және климаттың өзгеруі, оның зардаптарына бейімделу мен жұмсартуға, сондай-ақ су ресурстарын басқаруға баса назар аударылады.
Бір жобаның құны 1 немесе 2 Канадалық қаржы жылына 60,000 Канадалық долларға дейін болуы мүмкін. Жобаны бастаудың жоспарланған мерзімі – 2022 жылғы маусым немесе шілде, жобаны аяқтау мерзімі – 2023 жылғы 28 ақпанға дейін.
Конкурс шарттары: Конкурсқа қатысуға өтінім беруге құқылы: жергілікті үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер, муниципалдық, өңірлік немесе мемлекеттік ұйымдар, немесе жергілікті жобалармен жұмыс істейтін агенттіктер,
Өтінім берудің соңғы мерзімі:2022 жылғы 1 сәуір, сағат 23: 59-да (GMT+6).
Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://www.international.gc.ca/world-monde/funding-financement/cfli-fcil/2022/kazakhstan.aspx?lang=eng#rus