«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі-Қоғам) Корпоративтік басқару кодексінің 89-тармағына сәйкес Қоғамның кез-келген қызметкері мен лауазымды адамының Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі рәсімдерді, Іскерлік әдеп кодексін бұзу фактілері туралы Директорлар кеңесін (аудит жөніндегі комитетті) және ішкі аудит бөлімшесін хабардар етудің қауіпсіз, құпия және қолжетімді тәсілі (жедел желісі) ұйымдастырылған.
Жедел желі функционалы: Директорлар Кеңесін хабардар етудің жедел желісі тек үш бағыт бойынша ғана жүгінуге арналған:
1) Қоғамның кез келген қызметкері мен лауазымды адамының алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңнама талаптарын, қоғамның ішкі рәсімдерін бұзуы;
2) ішкі бақылау рәсімдерін (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдерді) жақсарту жөніндегі ұсыныстар);
3) Іскерлік әдеп кодексін бұзу жағдайлары.
Жедел желі – бұл ішкі аудит қызметінің қызметкерлері жұмысқа жіберілген, бөгде адамдардың қол жеткізуінен қорғалған байланыс желісі. Бұл арнайы пошта серверінің қатаң параметрлерімен қамтамасыз етілген sva@cisc.kz, үшінші тараптардың қарау немесе араласу мүмкіндігінен қорғалған. Мұндай серверден өтініштер мен хат алмасуды жою мүмкін емес. Өтініш берушілердің және өтініштермен жұмыс істеуге тартылған басқа да тұлғалардың дербес деректері ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қорғалған.
Бұл ретте Қоғам, жедел желіге және Әдеп кодексін бұзу туралы хабарламаға жүгінген жағдайда қызметкерлердің теріс ықпалға ұшырамауына (жұмыстан шығарылуына, лауазымының қажетсіз өзгеруіне, сыйлықтан айыруға және т.б.) кепілдік береді. Оның ішінде, егер бұл фактілер Тексеру немесе қызметтік тексеру жүргізу барысында расталмаған жағдайда да.
Өтініштердің санаттары Қоғамның сыртқы сайтындағы айдарда көрсетілуі керек, оны қолдана отырып, кез келген адам өз өтінішін жедел желіге жібере алады.
Бұл қалай жұмыс істейді:
Өтініш беруші Қоғамның сыртқы сайтындағы кері байланыс арқылы өтініш жіберген кезде «Директорлар кеңесін хабардар етудің жедел желісі» бөлімінде үш санаттың бірін таңдауға тиіс, жедел желі операторы (ІАҚ) оған келіп түскен барлық хабарламаларды тіркейді, сондай-ақ олар бойынша қабылданған ден қою шараларының есебін жүргізеді.
Директорлар Кеңесінің жедел желісіне телефон арқылы хабарласу мүмкіндігі қарастырылмаған.
Қосымша байланыс нөмірлері мен түрлі мәселелер бойынша кері байланыс Қоғам сайтында көрсетілген.