Еуразия Қоры АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қолданбалы зерттеулер жобаларына гранттар ұсынуға өтінімдер конкурсын жариялайды.

Жарияланған күні: 06.04.2021


Еуразия Қоры АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын бес жылдық бастаманың Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы (CSSP) шеңберінде қолданбалы зерттеулер жобаларына гранттар ұсынуға өтінімдер конкурсын жариялайды.

 

Конкурстың мақсаты: Аталған бағдарлама Орталық Азиядағы серпінді және қайырымды азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған. CSSP аясындағы қолданбалы ғылыми жобалар ұлттық, аймақтық немесе муниципалды саясатты немесе мемлекеттік бағдарламаларды талдауға арналған. CSSP қаржыландыратын қолданбалы талдау қоғамның және мүдделі әлеуметтік топтардың мемлекеттік саясат басымдықтарының өзектілігі туралы хабардар болуын арттыруға, мемлекеттік институттардың есеп беруін күшейтуге және олардың қоғам үшін ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталуы тиіс.

 

Конкурс шарттары: Қазақстан мен Өзбекстанда орналасқан коммерциялық емес талдау орталықтары мен зерттеу ұйымдары қолданбалы зерттеу жобаларына грант алуға өтінім беруге құқылы. Сонымен қатар, тек Қазақстандық өтініш берушілер ғана жеке зерттеушілер ретінде қолданбалы зерттеулер бойынша гранттарға өтінім бере алады. Бұндай өтініш берушілер міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.

 

Жобаның қызметі кез келген кезең ішінде 2021 жылғы 1 мамырдан бастап 31 қазан аралығында алты айға дейінгі мерзімде жалғасуы мүмкін. Жобаны қаржыландыру 7 000 АҚШ долларынан 10 000 АҚШ долларына дейінгі көлемде қарастырылған.

 

Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі: Қазақстанның барлық мүдделі өтініш берушілері EF’s Grant Management Platform арқылы 2021 жылғы 25 сәуірдің Алматы уақытымен (GMT+6) 23:59-сағатына дейін өтінім беруі тиіс. Қолжеткізу коды: PRPKZ

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:  https://www.facebook.com/CSSPinCentralAsia/posts/305343551018964