Жарияланған күні: 27.02.2020
2020 жылдың 27 ақпанында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп «Біргеміз» волонтерлердің республикалық фронт-офисінің ғимаратында Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға ҚР Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Қапбарова Айгүл, қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Батима Мукина және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Іс-шара ҮЕҰ, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылын дамыту және ынтымақтастығын кеңейту мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында «Кәсіби және тиімді фандрайзинг», спикер – Ринат Темірбеков, «Қажеттіліктерді бағалау әлеуметтік маркетингтің бір бөлігі ретінде», спикер – Махаббат Еспенова, БАҚ-та жылжыту бойынша, спикерлер – Ұлан Әбішев, Мирас Іргебаев шеберлік класстары өткізілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерліктің өзектілігін ескере отырып, спикерлер Ардақ Отарбаев пен Мирас Аббасов әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі трендтері бойынша семинар өткізді.
ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мәселелері жөніндегі халықаралық маманы Арина Мясоед «UNESCO Project Planning Tool» пайдалану арқылы жобаларды жобалау» жобалық басқару бойынша шеберлік класы болды.
Іс-шара барысында әлеуметтік жобалардың соңғы иегерлерінің TЕDх форматында сөз сөйлеуі өтті.
Сонымен қатар, бір күн ішінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, «Samruk-Kazyna Trust» және Нұр-Сұлтан қаласы Азаматтық бастамалар орталығы мамандары кеңес беру қызметтерін жүргізді.
Іс-шара қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру үшін жағдай жасайды және тұтастай алғанда Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді.
Үшінші сектор күні – бұл үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы білуге және қоғам үшін жасалған орасан зор жұмыс үшін алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік. Бұл-еркіндікке, адамзаттың болашағына қамқорлық жасауға және оның құндылығын мойындауға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық құндылықтарын көрсететін халықаралық нышан.
Іс-шараның қонақтары Республикалық ҮЕҰ басшылары мен сарапшылары, дипломатиялық миссиялардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері болды.
Іс-шара қорытындысында Фандрайзинг бойынша Commquest нәтижелері жарияланды және қорытынды шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, ү.ж. 28 ақпанында Дүниежүзілік ҮЕҰ күні шеңберінде іс-шараны жалғастыру барысында орталықта Ашық есік күні өткізіледі, онда сіз барлық қызықтыратын мәселелер бойынша ақпарат пен кеңес ала аласыз. (Мәңгілік ел даңғылы 30).
Айта кетейік, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ашылған сәттен бастап білім, ғылым, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, мәдениет пен өнерді және т.б. дамыту саласында 224 гранттық жоба іске асырылды.