Менеджер лауазымына қызметкер талап етіледі (бос орын архивта)

Тиісті мамандық (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, гуманитарлық, жобалық менеджмент, техникалық) бойынша жоғары білімі бар, жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 жылды құрайтын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жобаларды басқару департаменті менеджері лауазымына қызметкер талап етіледі.

 

Функционалдық міндеттері:

1) ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізуді қамтамасыз ету;

2) ҮЕҰ Дерекқорына өтініш берушілердің қатысуы бойынша уәкілетті органға сұрау салулар жасау;

3) ұсынылған құжаттардың толықтығына және мемлекеттік гранттар жоспарына сәйкестігіне және өтініш беруші мәлімдеген шығындардың негізділігіне тексерулер жүргізуге міндетті;

4) ҮЕҰ-ға жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберуге;;

5) өтінімдерді сарапшыларға қарау үшін жіберуге міндетті;

6)сараптама комиссияларына кіретін сарапшыларға белгіленген нысан бойынша (Қағидаларға 10-қосымша) өтініш берушілердің тізімін және мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы туралы хабарлама нысанын жіберуге міндетті;

7) өтінімді бағалауға жіберуге құқылы;

8) ҮЕҰ атауын, басшының ТАӘ, жобалау командасының құрамын, “МИБО” КЕАҚ гранттық саласындағы тәжірибені, гранттар туралы Қағидаларға №7, 8, 9-қосымшаларда өтінім берушінің сайтына және әлеуметтік желілеріне сілтемелерді Кодтау;

9) шарт жасасу үшін өтініш берушілерден құжаттар сұрату;

10) грант беру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) қоғамның мүдделі қызметкерлерімен келісуді қамтамасыз ету;

11) барлық тараптардың шартқа қол қоюын қамтамасыз етуге міндетті;

12) қосымша келісімге қол қою арқылы Шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге құқылы;

13) шарттың талаптарына сәйкес гранттық қаражатты уақтылы аударуды ұйымдастыруға міндетті;

14) берілген гранттық қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексеруді және жобаны іске асырудан сандық-сапалық әсерді растауды қамтамасыз етуге міндетті;

15) гранттық қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету;

16) жобаның іске асырылуын бақылауға;

17) жобаның егжей-тегжейлі жоспарын және шығыстар сметасын түзету, сондай-ақ өзгерістерді келісуді қамтамасыз ету;

18) қоғам қызметінің қорытындылары бойынша және жобалау қызметі шеңберінде презентация жасауға міндетті.

19) іске асырылатын жобалар бойынша ақпараттық анықтамалар дайындау;

20) жобаларды іске асыру мәртебелері бойынша ақпарат дайындау;

21) іске асырылатын жобалар, олардың бюджеттері және тиімділігі бойынша нәтижелер туралы ақпаратпен Жиынтық кестелер жасауға міндетті;

22) жобалар бойынша құжаттар жинағын қалыптастыру;

23) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі – ІНҚ) талаптарына сәйкес грант алушылардың, жеке және заңды тұлғалардың, бақылаушы органдардың сұрау салуларына уақтылы жауап беруге;

24) өзіне берілетін барлық құжаттардың және ол қалыптастыратын досьенің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамның ІНҚ-на сәйкес досьені сақтауды/мұрағатқа сақтауға беруді ұйымдастыруға міндетті;

25) сараптау комиссиясының қызметін қалыптастыру, үйлестіру;

26) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдерімен, грант алушылармен кездесулерге, келіссөздерге қатысу;

27) ҚБД жұмысы шеңберінде мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты беруге міндетті;

28) ҚБД жұмысының шеңберінде мемлекеттік органдармен келісуге, мемлекеттік органдарға сұрау салулар жасауға;

29) қоғамда жұмыс істеу кезінде және ол аяқталғаннан кейін белгілі болған коммерциялық, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ таралуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді құпия сақтауға және жария етпеуге;

30) еңбек тәртібін сақтауға міндетті;

31) еңбек шартында, жұмыс берушінің актілерінде, осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген функцияларды уақтылы және сапалы орындауға міндетті;

32) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті;

33) қоғамның мүлкіне ұқыпты қарайды;

34) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;

35) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.Негізгі дағдылар мен жеке қасиеттер:

  1. Аналитикалық және логикалық дағдылар;
  2. Қорытындылар мен есептерді құрастыру;
  3. Көпшілік алдында сөз сөйлеу және командалық іс-шараларға, кездесулер мен конференцияларға қатысу;
  4. Жауапкершілік, ұйымдастырушылық, ұқыптылық, әдептілік, жүйелілік, аналитикалық ойлау.

Дербес компьютерді пайдалану дағдылары:

1) ДК, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу дағдылары, Microsoft Office дестесінің бағдарламаларын білу;

2) Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу дағдылары;

3) интернет-технологияларды меңгеру (Web, E-mail, электрондық пошта және т. б.).

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Түйіндемені жинау 2022 жылдың 27 тамызында аяқталады, түйіндемені электрондық поштаға жіберіңіз. мекен-жайы bekbossynova@cisc.kz