Бас бухгалтер

Талаптар: 

  • қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі;
  • қаржы, экономика немесе бухгалтерлік есеп саласындағы жоғары білім;
  • кәсіби бухгалтерлер ұйымының Одағында болуға;

 

Лауазымдық міндеттері:

  • ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
  • бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің құрылымы мен ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделе отырып есеп саясатын қалыптастырады;;
  • қаржылық-экономикалық қызметті қалыптастыру , өз міндеттерін Қоғам Басқармасы Төрағасының жалпы басшылығымен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып орындайды;
  • ұйым қызметінің құрылымы мен ерекшеліктерін, оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып, бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес есеп саясатын әзірлейді, өзгерістер енгізеді;
  • ұйымның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және анық бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды жүзеге асырады;
  • мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, түсетін негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын есепке алуды, шоттарда олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсетуді, өндіріс және айналым шығындарын есепке алуды, шығыстар сметасын орындауды, өнімді өткізуді, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық, есептік және кредиттік операцияларды ұйымдастырады;
  • жетіспеушіліктердің, ақша құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
  • бос қаржы құралдарын банктердің депозит салымдарына (сертификаттарына) орналастыру және құнды қағаздарды сатып алу мәселелері бойынша банктермен өзара әрекеттесуді, депозиттік және кредит шарттарымен есеп операцияларын жүргізуге бақылауды жүзеге асырады;
  • штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен өзге де шығындарды бухгалтерлік есептен шығару заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен архивке тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді;
  • баланс жасауды және қаражат табысы мен шығысы туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы жедел жиынтық есептерді, өзге бухгалтерлік және статистикалық есептерді жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді;
  • заманауи есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, тиімді жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есеп жүргізудің дамыған нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  • бөлімшелердің жұмыскерлеріне бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау, есеп беру және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

 

 

Түйіндеме пошта арқылы қабылданады: altaeva.s@cisc.kz