«Азия-Еуропа» қоры (бұдан әрі – Қор) адам құқықтары саласында тренингтер өткізу мақсатында ұйымдар арасында байқау жариялайды.
Шара мақсаты:
«Азия-Еуропа» форумы (АСЕМ) серіктестерінің адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша ұлттық бағдарламаларды іске асыруды нығайту жөніндегі жұмыстарын қолдау;
Кейс стади (case-study) қағидасы негізінде адам құқықтары саласындағы білім беру саласындағы бірнеше бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына талдау жүргізу және озық тәжірибе мен оларды жүзеге асыруға байланысты мәселелерді анықтау;
Адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын бағалау үшін қолданыстағы практикалық құралдарды, әдістер мен тәсілдерді пайдалану бойынша әлеуетті және құзыреттілікті арттыру;
Адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша озық тәжірибе туралы нақты деректерге негізделген ақпарат алмасуға жәрдемдесу.
Бағдарламаның мазмұны Қор және ұйыммен келісіледі, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы АСЕМ 19 нәтижелері мен рәсімдеріне негізделетін болады.
Қатысу шарттары: өтінімдер, түйіндемелер, ілеспе хат пен ұсыныстар (нысан бойынша) Armi Hannele AARNI және Ms Trishia OCTAVIANO humanrights.seminar@asef.org электрондық поштасына, және көшірмені Yannick BINEAU yannick.bineau@asef.org электрондық поштасына жіберу қажет.
Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 7 ақпан 2020 жыл (жұма), 23: 59 сағат (Сингапур уақыты бойынша)
Толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша табуға болады:
http://www.asef.org/projects/themes/governance/495…