Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Маңғыстау облысы әкімдігінің мемлекеттік грантын ҮЕҰ-ға беруге конкурс жариялайды. (өтінімдерді қабылдау аяқталды)

Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (арықарай – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы № 1192  қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласы бойынша оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

 

Конкурс жөнінде

Орталық ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды.

Орталық Маңғыстау  облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсын жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы  №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Маңғыстау облысында азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.

Мемлекеттік гранттарды алу конкурсына қауқарсыз деп танылған (банкрот), мүлкіқамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған, тарау үдерісінде тұрған ҮЕҰ-дан өзге, гранттарды алу үшін өтінім жасаған, ҮЕҰ-дың мәліметтер базасында мәліметтері бар және конкурсқа қатысуға Қағидалармен бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ қатыса алады.

Оператор мынадай жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды:

1) қағида талаптарына өтінімнің сәйкес келмеуі анықталғанда;

2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмеген;

3) Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтінім беруші туралы мәліметтер болмаған және (немесе) уақытылы ұсынылмаған;

4) грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтінім беруші қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.

Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:

грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;

егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бір де біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі. Өтінімдер жолданатын пошта мекен-жайы және электрондык пошта.

Өтінімдерді қағаз нұсқада немесе электронды тасымалдағышта Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» БО, 5 қабат және grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ӨТІНІМДЕР ОПЕРАТОРҒА 2022 ЖЫЛҒЫ «21» АҚПАН БАСТАП «24» НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА НҰР-СҰЛТАН УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:03-ГЕ ДЕЙІН ЕНГІЗІЛЕДІ.

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМНЕН КЕЙІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕТІН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.30-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Өтінім беруші конкурсқа қатысу үшін өтінімді келесі тәсілдердің біреуімен енгізеді:

қағаз жеткізгіште, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол, тігілген және мөрмен, бірінші басшының қолымен бекітіп grants@cisc.kz электрондық поштаға өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап жіберу;

электрондық тасымалдағышта PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы grants@cisc.kz электрондық поштаға өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп жіберу;

электрондық форматта grants@cisc.kz электрондық поштаға таңдалған грант тақырыбын, өтінім берушінің атауы мен байланыстарын көрсетіп, мөрмен, бірінші басшының қолымен бекітіп PDF және MS Word форматында WinRar, WinZip файлында мұрағаттап жіберу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы хабарландырудың 5-қосымшасына cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

2) осы хабарландырудың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

3) осы хабарландырудың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

4) осы хабарландырудың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны (осы қосымшаны толтыру кезінде жобаның мақсаттары, күтілетін нәтижелер, іске асыру мерзімі және жобаның аумақтық қамтылуы Грант жоспарына қатаң сәйкес келуі керек);

5) грантты іске асыруға, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған болжамды шығыстардың сомаларын көрсете отырып, осы хабарландырудың 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шығыстар сметасын (әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама сомасына белгіленген 10 (он) пайыздан аспайтын шеңберде). Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп жөндеу мен құрылыстың ағымдағы және күрделі нысандарын, жылжымайтын мүлікті сатып алуды қоспағанда, ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу түсініледі;

6) құрылтай құжаттарының көшірмелері (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, оған барлық өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы, құрылтай шарты (болған жағдайда), egov сайтынан тіркелген заңды тұлға туралы анықтама, қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжат және өтініш берушінің атынан өтінімге қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат, өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі не өтінімге өтініш берушінің атқарушы органының басшысы қол қоймаған жағдайда сенімхат);

7) ұйымның соңғы есепті күнгі бухгалтерлік балансы (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша);

8) көрсетілген әріптестердің және (немесе) тартылатын мамандардың ұсынылған әлеуметтік жобаға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға қатысуға келісімі (гранттың тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып, шығыс нөмірі және өзекті күні бар, серіктестің фирмалық бланкісінде бірінші басшы (немесе оның орынбасары) қол қойған, ал тартылатын мамандардан, өз қолымен толтырылған хат түрінде);

9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар (өтініш беруші ұйымының фирмалық бланкісінде шығыс нөмірі және бірінші басшы (немесе оның орынбасары) қол қойған өзекті күні жазылған хаты түрінде. Салымның басқа көздерден болуын растайтын құжат болып қаржыландыруды ұсынатын заңды тұлғаның шығыс нөмірі бар ұйымның фирмалық бланкісінде жасалған және бірінші басшы (не оның орынбасары) қол қойған хаты болуы мүмкін, жобаға қолдау көрсететін жеке тұлғадан – өз қолымен толтырылған құжат).

Өтінім беруші құжаттардың түгел болуын және құжаттағы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуі қажет.

Бір тақырып бойынша бір ҮЕҰ-нан 1 (бірден) өтінімнен артық беруге жол берілмейді.

Өтінімді толтыру кезінде жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні Гранттар жоспарымен бекітілгенін ескеру қажет.

Қосымша ақпарат және кеңестер

Сараптама комиссиясының жұмысы мен іріктеу процесі туралы толығырақ «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығынан таныса аласыздар.

Оператор қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Оператордың Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне төмендегі байланыс номерлері арқылы хабарласа аласыздар:

Ұйымдастырушы Телефондар
Жобаларды басқару департаменті (7172) 79-08-04, (7172) 79-08-03, (7172) 79-08-24,

(775) 511-07-41

 

Бекітілген ҮЕҰ арналған мемлекеттік Гранттар жоспары.

Конкурс Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының 2022 жылғы 18 ақпандағы №02-05/17 бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар берудің 2022 жылға арналған жоспары» аясында өтеді.

Гранттар жоспары Маңғыстау облысының өңірлік саясатының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті жолдауларының басымдықтары, сондай-ақ мемлекетік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың көшірмесі және оның қосымшалары Маңғыстау облысының ресми сайтында орналастырылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/documents/1?lang=ru