«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурс жариялайды

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

1. Конкурс туралы

«Азаматтық бастмаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «21» қаңтардағы №4 бұйрығы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.

Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

2. 2025 жылға арналған қысқамерзімді мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсы 13 басым бағыт бойынша жарияланады (Толық ақпарат төмендегі «Басым бағыттар тізімі» құжатында қолжетімді)

3. Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.

4. Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.

5. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2025 ЖЫЛҒЫ «24» ҚАҢТАР МЕН «13» АҚПАН АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;

КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ КЕШІКТІРІЛІП ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

6. Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне қарай пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдер тігілуі, нөмірленуі, мөрмен бекітілуі және оларға өтініш берушінің басшысы не сенім білдірілген тұлға қол қоюы тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта, пошта байланысы арқылы немесе uvp.atyrau25@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат,        5-қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдер тігілуі, нөмірленуі, мөрмен бекітілуі және оларға өтініш берушінің басшысы не сенім білдірілген тұлға қол қоюы тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

 3) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта uvp.atyrau25@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдер тігілуі, нөмірленуі, мөрмен бекітілуі және оларға өтініш берушінің басшысы не сенім білдірілген тұлға қол қоюы тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

7. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029848#z440);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).

3) өтінімнің «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» жолын толтыру кезінде – көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Шетелдік көздер есебінен әлеуметтік жобалар іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – шарттардың және әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;

4) өтінімнің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» жолы толтырылған жағдайда – серіктестердің хаттары (өтінімнің бұл жолы қысқа мерзімді гранттар үшін міндетті шарт болып табылмайды, орта мерзімді грантқа өтінім беру кезінде толтырылады).

8. Қосымша ақпарат және консультация алу

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласу керек:

1) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы Презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 03, 79 08 07;

2) «Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 28;

3) өтінім берудің толықтығы мәселелері бойынша мынадай телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79-04-31;

4) uvp.atyrau25@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

9. ҮЕҰ-ға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі

2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/documents/details/784099?directionId=9980.