«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ(өтінімдерді қабылдау аяқталды)

Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.

Конкурс туралы

Оператор Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге Конкурс жариялайды. Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.

Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды

Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:

1) саяси партиялар;

2) кәсіптік одақтар;

3) діни бірлестіктер;

4) дербес білім беру ұйымдары;

5) дербес кластерлік қорлар;

6) нотариаттық палаталар;

7) адвокаттар алқасы;

8) адвокаттық кеңселер;

9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;

12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;

13) Қазақстанның Төрелік палатасы;

14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;

15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;

16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.

Мемлекеттік гранттар беруге арналған Конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:

№ р/с Заңның
5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы
Мемлекеттік гранттың басым бағыты Мәселенің қысқаша сипаттамасы Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Грант түрі Нысаналы индикатор Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар
(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)
1. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау Инклюзивті қоғамды дамыту

 

    Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда жеке даму, шығармашылық және өндірістік мүмкіндіктер мен қабілеттерді іске асыру үшін жағдайлар қажет 700 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде 422,5 мың адам еңбекке қабілетті жаста (58,7%), 189,9 мың адам зейнеткерлік жаста (26,4%), 106,9 мың адам 18 жасқа дейінгі балалар (14,9%). Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде организмнің жоғалған функцияларын өтеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Мүгедектік мәселелері бойынша қоғамды оқытудағы маңызды рөл үкіметтік емес ұйымдарға тиесілі.

Сонымен қатар, осы уақытта қоғамдағы мүгедектігі бар адамдардың жағдайы туралы халықтың хабардарлығының төмен деңгейі байқалады.

Сондай-ақ қоғамда мүгедектігі бар адамдарды бейімдеу мақсатында мүгедектігі бар адамдардың өз күшіне деген сенімділігін қалыптастыруға, әлеуметтік, еңбек және эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеуге ықпал ететін шығармашылық оңалту қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылға әр грант сомасы –

5 663 мың  тг

 

Жалпы сомасы –

56 630 мың тг

 

 

 

10 қысқа мерзімді грант

 

 

 

Нысаналы индикатор (әр грант бойынша):

Жобаны іске асыру шеңберінде бір немесе одан да көп елді мекендерде әр түрлі нысандар, оның ішінде креативті индустрия нысандары арқылы әлеуметтік және еңбек интеграциясы бар еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың үлесін кемінде 10%-ға ұлғайту

 

Күтілетін нәтиже (әр грант бойынша):

1)              әлеуметтік және (немесе) еңбек интеграциясы жоқ еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың үлесін және олардың жобаны іске асыру аумағындағы қажеттіліктерін айқындау;

2)              әлеуметтік және еңбек интеграциясы жоқ мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге әр түрлі нысандар, оның ішінде креативті индустрия нысандары арқылы тарту;

3)              әлеуметтік және еңбек интеграциясы жоқ мүгедектігі бар адамдардың білімі мен құзыретін арттыру;

4)              әлеуметтік және еңбек интеграциясы жоқ мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға/өзін-өзі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
5) жобаны іске асыру шеңберінде қоғамға интеграцияланған мүгедектігі бар адамдардың табысты хикаясын жасау.

2024 жыл –

31 405 мың  тг

 

2025 жыл –

31 405 мың  тг

 

1 орта мерзімді грант

 

Нысаналы индикатор:

Жобаны іске асыру шеңберінде кемінде
2 (екі) облыстың және (немесе) республикалық маңызы бар қаланың және (немесе) елорданың аумағында әлеуметтік және еңбек интеграциясы бар еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың үлесін кемінде 3%-ға ұлғайту – жыл сайын

 

Күтілетін нәтиже:

1) әлеуметтік және (немесе) еңбек интеграциясы жоқ еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың үлесін және олардың жобалық аумақтағы қажеттіліктерін айқындау – жыл сайын;

2) әлеуметтік және еңбек интеграциясы жоқ мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен инклюзивті қоғамды дамыту шеңберінде ҮЕҰ-лар мен бастамашыл топтар үшін кемінде 20 шағын грант (1 млн. теңгеден) беру – жыл сайын;

3) әлеуметтік және еңбек интеграциясы жоқ мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге тарту – жыл сайын;

4) әлеуметтік және еңбек интеграциясы жоқ мүгедектігі бар  адамдарды жұмысқа орналастыруға/өзін-өзі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу – жыл сайын;

5) жоба нәтижелерінің қорытынды таныстырылымын ұйымдастыру – жыл сайын.

2. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту

 

 

 

 

 

 

 

 

     «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың
2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында» қазақстандық ауылдарды дамытудың перспективаға деген пайымы – бұл белсенді азаматтық қоғам мен жергілікті өзін-өзі басқаруды, өзінің кіріс базасымен нығайтылған орнықты және өзін-өзі қамтамасыз ететін экономиканы, қалаға жақын деңгейде дамыған әлеуметтік ортаны, қауіпсіз қоршаған ортаны қамтитын болашақтың нақты тұжырымдалған бейнесі бар өмір үшін тартымды аумақтар екендігі атап өтіледі.Сондай-ақ «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында Мемлекет басшысы ауылды дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау қағидатты маңызды екенін атап өтті. Бұлжерде үкіметтік емес сектор да өз үлесін қоса алады және қосуда. Жалпы, Қазақстанда жұмыс істейтін 18 мыңнан астам ҮЕҰ-ның 5 мыңнан астамы өңірлерде белсенді түрде жұмыс істейді. Бүгінде ауылдық азаматтық қоғам жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-лар жергілікті жерлердегі жағдайды жақсы біледі және олардың қолда бар әлеуетін өңірлердегі әлеуметтік ахуалды жақсарту үшін дамыту қажет.Жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге азаматтардың өздері қатысуы азаматтардың аумақты басқаруға қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
2024 жылға әр грант сомасы –

5 663 мың  тг

 

Жалпы сомасы –

56 630 мың тг

 

 

10 қысқа мерзімді грант

 

 

 

Нысаналы индикатор (әр грант бойынша):

Жобаны іске асыру шеңберінде бір немесе одан да көп ауылдық елді мекендерді басқаруға және дамытуға ҮЕҰ-лар мен бастамашыл топта тұрмайтын еңбекке қабілетті жастағы жергілікті қоғамдастық азаматтарын тарту деңгейін кемінде 10%-ға ұлғайту

 

Күтілетін нәтиже (әр грант бойынша):

1) ҮЕҰ-лар мен бастамашыл топтарда тұрмайтын, тиісті аумақты басқаруға және дамытуға еңбекке қабілетті жастағы жергілікті қоғамдастық азаматтарының қатысу деңгейін айқындау;

2) жобаны іске асыру аумағын басқаруға және дамытуға қатысу мәселелері туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру;

3) жергілікті қоғамдастықты белсенді түрде тарта отырып, жобаны іске асыру аумағындағы нақты проблемаларды анықтау және шешу;

4) жобаны іске асыру аумағында жергілікті қоғамдастықтың түрлі мәселелерін шешу жөніндегі орнықты бастамашыл топтарды немесе ҮЕҰ-ларды құру;

5) азаматтардың жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге қатысуының оң кейстерін (success story) әзірлеу.

2024 жыл –

31 405 мың  тг

 

2025 жыл –

31 405 мың  тг

 

1 орта мерзімді грант

 

Нысаналы индикатор: Ауылдық ҮЕҰ-лар мен бастамашыл топтардың тиісті аумақты басқаруға және дамытуға тартылу деңгейін кемінде 2 (екі) облыста және (немесе) республикалық маңызы бар қалаларда және (немесе) елордада кемінде 10%-ға ұлғайту – жыл сайын

 

Күтілетін нәтиже:

1)              жобаны іске асыру аумағын басқару мен дамытуға ауылдық ҮЕҰ-лар мен бастамашыл топтардың қатысу деңгейін айқындау – жыл сайын;

2)              шағын гранттар тақырыбын қалыптастыру үшін ауылдық жерді дамытудың өзекті бағыттарын айқындау жөніндегі жобаны іске асыру аумағында ауылдық ҮЕҰ-лардың өкілдері, бастамашыл топтар, өңірлер тұрғындары және сараптамалық қоғамдастық арасында қажеттіліктерді бағалауды жүргізу –   жыл сайын;

3) ауылдық ҮЕҰ-лар үшін олардың әлеуетін арттыру мәселелері жөніндегі оқыту іс-шараларын (жобалық басқару, әлеуметтік саладағы жұмыс дағдылары, конкурстық өтінімдер жазу және т.б.) және бастамашыл топтар үшін ҮЕҰ-ларды құру мен ҮЕҰ-лармен жұмыс дағдылары жөніндегі оқыту іс-шараларын  өткізу – жыл сайын;

4) ауылдық ҮЕҰ-лар мен бастамашыл топтар үшін айқындалған тақырыптар бойынша кемінде
20 шағын грант (1 млн. теңгеден) беру – жыл сайын;

5) бизнес-қоғамдастық есебінен шағын гранттардың кемінде 30% орнықты қаржыландыруды қамтамасыз ету – жыл сайын;

6) шағын гранттарды іске асыру шеңберінде ауылда жұмыс орындарын ашу – жыл сайын;

7) азаматтардың жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге қатысуының жағымды кейстерін әзірлеу (success story) – жыл сайын.

3. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету      Қазіргі уақытта интернет, оның ішінде әлеуметтік желілер негізгі ақпараттық алаңына айналды. Деструктивті діни ағымдар жылдан жылға өз аудиториясын арттырып, интернет-ресурстары арқылы жақтаушылар саны артып келеді. Ақпараттық кеңістіктегі радикалды контенттің көбеюі – заңды құбылыс. Ал радикалды материалдарды бұғаттау және жою жөніндегі жұмыс салдармен күресу болып табылады және мәселені шешуге ықпал ете алмайды. Қазіргі уақытта басты назар профилактикалау шаралары мен қарсы насихатқа аударылуы керек.

Бұл ретте, «Kazislam» порталы өз жұмысының шеңберінде діндар азаматтарға (негізінен 18-40 жас аралығындағы жастарға) олардың қателіктері мен адасушылықтарын түсіндіріп, дінтану ағартушылық арқылы оларды деструктивті діни идеологиядан алыстатпақ болады.

Портал радикализм мен экстремизмге орын болмайтын Қазақстандағы мұсылмандар діндарлары арасында дұрыс исламдық дүниетанымды қалыптастыратын ислам туралы беделді отандық ақпарат көздерінің біріне айналады.

Жоба шеңберінде отандық ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерін, дінтанушылар мен теологтарды тарта отырып, ислам құқығына, исламдағы отбасына, зайырлы қоғамдағы діннің рөліне, қазақ халқының дәстүрлері мен олардың исламмен байланысына, сондай-ақ дін канондарын дұрыс түсініп, түсіндіруге қатысты өзекті мәселелерді  түсіндіретін сараптамалық айдарының қызметі ұйымдастырылуда.

2024 жыл –

69 982 мың тг

 

2025 жыл –

74 181 мың тг

 

2026 жыл –

78 632 мың тг

1 ұзақ мерзімді грант Нысаналы индикатор:

1) «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының оқырман аудиториясының кемінде 15%-ға ұлғайту   – жыл сайын;

2) «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының оқырман аудиториясынан сайтқа келіп түсетін жолданымдар санының кемінде 10%-ға ұлғайту – жыл сайын

 

Күтілетін нәтиже:

1)              «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру – жыл сайын;

2)              түрлі медиа форматтағы материалдарды тұрақты негізде дайындау және орналастыру, оның ішінде  халықты дінтану ағартушылық, ұлттық бірдейлік пен мемлекеттілік тұрғысында ислам канондарын дұрыс түсіну мен түсіндіру, деструктивті діни идеологияның таралуын профилактикалау үшін отандық ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдерін, дінтанушыларды, теологтарды және т.б. тарту – жыл сайын;

3)              халық арасында ислам туралы діни білімнің анық (сенімді) отандық көзі ретінде порталды кеңінен ақпараттық ілгерілету – жыл сайын.

1) офистің болуы (кемінде 60 м2 болатын жеке немесе жалға алынған үй-жай);

2) бейнеаппаратура мен медиатехниканың, фотоаппараттың, бейнекамераның, штативтің, жарықтандыру құралдарының болуы.

2024 жылға БАРЛЫҒЫ   246 052  
2025 жылға БАРЛЫҒЫ   136 991  
2026 жылға БАРЛЫҒЫ   78 632  

Қағидалардың 39 және 47 тармақтарына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында ілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер  болмаса;

5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;

6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;

7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;

8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;

10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;

11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;

12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.

Гранттардың басым бағыты бойынша Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:

1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмеуі;

3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздардың болмауы.

  1. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты

Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:

 

1) ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖӘНЕ ОРТА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «1 ҚАҢТАР МЕН «31» ҚАҢТАР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;

2) ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 25 (ЖИЫРМА БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «1 ҚАҢТАР МЕН «1 АҚПАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УАҚЫТЫ БОЙЫНША САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН.

 КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.

 

Өтінімдер жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайлар

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:

Өтінімдер беру тәсіліне байланысты пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі:

1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта grants@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

3) Мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта grants@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.

Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).

Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.

Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім не Қағидалардың №9 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін ұзақ мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848);

2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

Ұзақ мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім берілген жағдайда қосымша мынадай құжаттар беріледі:

3) ұйымның соңғы есепті күнгі бухгалтерлік балансы;

4) тартылатын серіктестердің тізбесі және көрсетілген серіктестердің ұсынылатын әлеуметтік жобаға қатысуға келісімі;

5) өтініш берушінің жеке салымы немесе әлеуметтік жобаны қаржыландырудың басқа көздері болған кезде растайтын құжаттар;

6) ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуын растайтын құжаттар.

Қосымша ақпарат және консультация алу

Конкурстық іріктеу үдерісімен және сараптамалық комиссия қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.

Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласуға болады +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03 және grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.

 

ҮЕҰ-ға арналған гранттарды берудің бекітілген жоспары

Конкурс «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы «04» қаңтардағы № 05-НҚ бұйрығы шеңберінде өтеді.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/580007?lang=ru

 

Құжаттар

Басым бағыттардың тізбесі

ҚР МАМ бұйрығы

7 қосымша – Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар беруге өтінім

9 қосымша – Ұзақ мерзімді гранттар беруге өтінім