Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттарға өтінімдерді бағалау үшін сарапшыларды іріктеуді жариялайды

Жарияланған күні: 25.06.2025


«Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 01 шілдеден бастап сарапшылардың жаңа тізілімін жинақтайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сарапшы болуға кандидаттардың келесідей құжаттар пакетін expert@cisc.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз:

1) ресми хат (заңды тұлғалар үшін) не еркін нысандағы өтініш (жеке тұлғалар үшін);

2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізілімге енгізу үшін кандидат туралы мәліметтер;

3) мемлекеттік гранттар бағыты бойынша сарапшының біліктілігін растайтын ұсыным хаттар, сертификаттар (бар болса), білімі туралы құжаттардың немесе өзге де құжаттардың көшірмелері;

4) Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше сала бойынша жұмыс тәжірибесін және әлеуметтік жобаларды іске асыруға кемінде 2 (екі) жыл қатысу тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмесі;

5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, таратуға, оның ішінде жариялауға келісу;

6) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кандидаттың түйіндемесі.

Кандидат Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде Оператор 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кандидатқа Оператор платформасының базасында «Әлеуметтік жобаларға сараптама жасау» білім беру модулінен өту қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Кандидат 5 (бес) жұмыс күні ішінде «Әлеуметтік жобаларға сараптама жасау» білім беру модулінен өтуге міндетті.

Оператор келесі жағдайларда кандидат бойынша ұсынысты қараудан бас тартады:

1) құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда;

2) құжаттарда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмегенде;

3) кандидат Қағиданың 15-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде;

4) «Әлеуметтік жобаларға сараптама жасау» оқу модулінен өтпеген жағдайда.