British Council (Британдық Кеңес) 2017 жылдан бастап «Шеврон» компаниясымен және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» жобасы аясында «Ментор бағдарламасы» тақырыбында өткізілетін екі күндік оқуға қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдауды бастағанын жариялайды.
Жобаның мақсаты: қазақстандық әлеуметтік белсенді жастарға жәрдемдесу, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлеуметтік мәселелерді тұрақты шешуді қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің белсенді жастары арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дәріптеу.
Әлеуетті тәлімгерлерге қойылатын талаптар:
Атырау қаласының тұрғыны болу
2 жыл ішінде кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу тәжірибесі болу (жеке кәсіпкер, шағын немесе орта кәсіпорын басшысы ретінде)
тәжірибемен бөлісу қабілетіне ие болу
тәлім алушылармен өзара әрекеттестікті үйренуге дайын болу
«тәлімгер бағыттайды, мәжбүр етпейді» қағидасы бойынша тәлім алушылармен қарым-қатынас жасауға қажетті уақыт бөлуге дайын болу
Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 24 наурызы, сағат 12:00.
Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады:
https://www.britishcouncil.kz/ru/events/application-period-%E2%80%9Cmentoring-program%E2%80%9D?fbclid=IwAR1hirkFPdlR4oEr–sl02sMHGxTcHrvls9paRhqE9alLkiJYxDllgIKrQA