Ардагерлердің спорттық сауықтыру, медициналық, әлеуметтік жағдайларын жақсартуды жалғастыру, шығармашылық және қабілеттерін қалыптастыра отырып, белсенді өмірге бейімдеу, ұрпақтар сабақтастығы арқылы жастарда патриоттық сезімін дамыту

ҮЕҰ өтінімі

Ұйым туралы ақпарат

Атауы: «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Сарысу аудандық филиалы

Пошта индексі: 080700

Облыс: Жамбыл облысы

Елді мекен: , Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

Көше, үй номері: Бейбітшілік көшесі,25.

Телефон (жұм. және ұялы): 8 726 34 61036;87014911343;

E-mail: nagi-55@mail.ru

Ұйымның тіркелу күні мен орны: 2013 жыл, қазан айының 25-жұлдызы; ҚР Жамбыл облысының Әділет департаменті

Ұйым жетекшісінің аты-жөні: Абилов Кудайберли

Жоба бойынша ақпарат

Жоба атауы:Ардагерлердің спорттық сауықтыру, медициналық, әлеуметтік жағдайларын жақсартуды жалғастыру, шығармашылық және қабілеттерін қалыптастыра отырып, белсенді өмірге бейімдеу, ұрпақтар сабақтастығы арқылы жастарда патриоттық сезімін дамыту

Мәселенің сипаттамасы:

Адам құқықтары жөніндегі басымды бағыттарының бірі – қарт адамдардың құқықтарын қорғау болып табылады. Қоғамның әлсіз топтарының бірі-мүгедек қарттардың өмір қызметінің шектелуіне байланысты олармен қарым-қатынас жасау – медициналық және әлеуметтік қолдаудың басты өзегі. Осы санаттағы қарт адамдардың өмірін ұйымдастыру және әлеуметтік-экономикалық және мәдени ортаның қалыптасуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашу-қажетті талаптардың маңыздысы. Жыл сайын ардагерлер үшін қарттар күніне орай іс-шаралар жүйесі жасалып, заттай сыйлықтармен марапатталып, экскурсиялар ұйымдастырылып жатады. Бірақ, өкінішке орай, бұл іс-шаралар науқандық болып жүр. Зейнеттегі ардагерлердің құқықтарын қорғау, олармен әлеуметтік жұмыстар тетігі-кешенді ұғым болуы тиіс.

Ардагерлерге,яғни егде үлкен жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және халықтың өсу категориясына анықтайтын қажеттіліктермен мұқтаж сәйкес әлеуметтік қызметтерін әрі дамыту қажет. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруда ардагерлер үшін әлеуметтік қорғау мақсатында «Береке» қоғамдыстық бірлестігі тарапынан ұйымдастырған жобалар байқауында 2 жыл қатарынан жеңімпаз атанып, бөлінген қаржының арқасында Жаңатас қаласында «Асыл қазына» клубы өз жұмысын бастап, бүгінгі таңда біршама жетістіктерге жетті. Аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық жұмыспен қамту бөліміне күрделі жөндеуден өткізілген ғимаратынан біздің ұйымға ұзақ мерзімді пайдалануға 2 бөлме берді. Ардагерлерді қолдау орталығы заманауи үлгідегі спорттық жабдықтар, үстел үсті ойын жабдықтары, мүліктер және қосымша оргтехникамен жабдықталды. Қазіргі таңда ол жерде толыққандыжұмыс жүргізілуде. Оргтехниканы мұқтаждықтарына қарай пайдалануда.

Сонымен қатар, мүгедек ардагерлерге медициналық қызмет сапасын жақсарту менқұқықтық кеңестер беру жұмыстарыжалғастырылуда. Ардагерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтарынқорғау үшін арнайы мамандармен жекелей және дөңгелек үстел басындакездесу өткізіліп, мүгедек ардагерлердің тиісті заңнамалармен бекітілген құқықтары түсіндірілуде.

Клубтағы жұмысты одан ары қарай да жалғастыру, сонымен қатар, бүгінгі күннің тараптарына сәйкес жүргізудің қажеттігі туындап отыр. Осы орайда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шаралар атқарып, өз үлестерін қосуға қарт ардагерлер де атсалысуға құлшыныс үстінде.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының шалғайында орналасқан біздің ауданда еріктілер қозғалысы даму үстінде. Ұрпақтар сабақтастығын нығайту еріктілермен тығыз байланыс шараларын ұйымдастыру қажеттігі туындап отыр. Мұндағы мақсатымыз – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған ойлардынақты іске асыру. Оның өміршеңдігін, біздің қоғам үшін пайдалылығын көрсету. Ұлттық құндылықтарымыздың асылдарын теріп, жас ұрпақ бойына сіңіре білу қажет. Бұл-қазіргі таңда аға ұрпақтың алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Ұлтымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында шежірега бай асыл әжелеріміздің аудандық байқауын өткізіп,адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық беру арқылы әрбір жеке тұлғаны рухани байлықпен нәрлендіру болып табылады.

Дарындылық ерекшеліктері бар қарттардың шығармашылығын қолдау мақсатында Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығына арнап «Ақындар мүшайрасын» өткізу шарасының маңызы зор болары сөзсіз.

Жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, отаншылдық сезімін ояту мақсатына туған өлкеге саяхат жасау да рухани жаңғырудың маңызды талаптарының бірі.

Жоба мақсаты: Ардагерлердің спорттық сауықтыру, медициналық, әлеуметтік жағдайларын жақсартуды жалғастыра отырып, өзін-өзі бағалау мен зияткерлік, шығармашылық және қабілеттерін қалыптастыра отырып, белсенді өмірге бейімдеу, ұрпақтар сабақтастығы арқылы жастарда патриоттық сезімін дамыту:

Ардагерлерді қолдау орталығы-спорттық жабдықтарменжәне оргтехникамен жабдықталған «Асыл қазына» клубында ардагерлердің спорттық сауықтыру,ардагерлердің өмір сүру белсенділігі және өмірге құштарлығын арттыру шаралары жалғастыру; Аудандық орталық ауруханадаардагерлердің ем алып, денсаулығын түзеуді жалғастыру;

-«Ұрпақтар үні» еріктілер қозғалысын жалғастыру үшінАстана қаласы 20 жылдығына арнап «Ақындар мүшайрасын» өткізу;

Аудандық «Асыл әжелерім» байқауын өткізу;

-«Қасиеті мен тағылымы мол өлкем-Сарысуым» атты туған өлкеге саяхат жасау;

-Ардагерлерді қолдау орталығында түрлі шаралар өткізу барысында қажетті техникалық құрал- проектор экранымен қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже: Заманау үлгідегі спорттық жабдықттармен жабдықталған «Асыл қазына» клубында ардагерлердің белсенді өмір салтын кеңейту және физикалық денсаулығын нығайту үшін сауықтыру,ардагерлердің спорттық сауықтыру арқылы ахуалын жақсарту, өмір сүру белсенділігі және өмірге құштарлығын арттыру шаралары жалғасады;

Аудандық орталық аурухана әкімшілігімен бірнеше жылдан бергі жасалған келісім арқылы жабдықталған терапия, хирургия және неврология бөлімдерінде қажеттілігіне сәйкес уақытында ардагерлер ем алып, денсаулығын түзеу жалғастырылады. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек ардагерлерге сапалы медициналық қызмет көрсету мен әлеуметтік құқықтық кеңес беру жұмысы ары қарай да жалғасын табады.

Жоспарланған іс-шаралардың нәтижесінде ауданда еріктілер қозғалысы дамыту шаралары жүзеге ары қарай жалғастырылып, жас ұрпақта патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімі қалыптасады, нәтижесінде еріктілерден әлеуметтік көмек алған ардагерлер саны артады, ұрпақтар сабақтастығы нығаяды. Мұндай шаралардың қатарында жеке ардагерлерге әлеуметтік көмектер, жеке шығармашылық, дарындылыққасиеттері бар ардагерлерді іздеу, жеке шығармашылық ізденіс жұмыстары жүргізіліп, мүшайраға жәнеәжелер байқауынадайындау барысында, ардагерлермен бірге өлкемізге «Қасиеті мен тағылымы мол өлкем-Сарысуым» атты саяхаттау шараларының нәтижесінде ұлттық құндылықтарымыздың маңызын айқындау арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық рух қалыптасады.

Атап айтқанда, «Асыл әжелерім» атты әжелер байқауының мақсаты – ата-бабадан мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді, инабаттылық пен имандылыққа дәріптеу, отбасындағы әжелер тәрбиесін үлгі ету, олардың ақыл-кеңестері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау болғандықтан, жастардың алар тәлімі мен тәрбиесі мол болмақ.

Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары— Астана қаласы 20 жылдығына арналған «Ақындар мүшайрасының» мақсаты дарындылық ерекшеліктері бар қарттардың шығармашылығын қолдау арқылы рухани қазына- жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық беру арқылы әрбір жеке тұлға рухани байлықпен нәрленетіні сөзсіз.

«Қасиеті мен тағылымы мол өлкем-Сарысуым» атты саяхаттаубарысында, ең негізгісі- аға ұрпақ пен жас ұрпақ байланысын әлеуметтендіру; азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, құпиясы мол, тарихы терең туған өңіріміздіңтабиғи ерекшеліктерін сезіне отырып, олардың бойында ұлттық патриотизмін, табиғатқа құрметпен қарауға бағыттау; тәрбиелеу және насихаттау шаралары жасалады.

Бұл шара арқылыұрпақтар сабақтастығын нығайтуды жалғастыру, әлеуметтік маңызы бар шараларға қатысатын жас еріктілерді тарту және еріктілер қызметін дамыту – маңызын таппақ. Нәтижесінде «Жастар ресурстар орталығы» КММ-нің қолдауымен жас еріктілер қызметін дамыту, сондай-ақ аға ұрпақ пен жас ұрпақ байланысын қалыптастыруға ықпал жасайды, жоба барысында «Жастар ресурстар орталығы»КММ-мен тығыз байланыс орнайды.

Қажетті сома:

1.Жалақы (қажетті соманың 30%, барлық салық төлемдері ішінде)

000 тг

2.«Асыл әжелерім» атты әжелер байқауына

150 000 тг

3.«Ақындар мүшайрасына

150 000 тг

4.«Қасиеті мен тағылымы мол өлкем-Сарысуым» саяхатына

320 000 тг

5.Проектор экранымен сатып алуға

300 000 тг

6. Кеңсе тауарлары

10 000 тг

7.Бильборд, керме, т.б. материалдар дайындау

50 000 тг

БАРЛЫҒЫ

1 400 000 тг

Жобаны жүзеге асыру орны:Жамбыл облысы, Сарысу ауданының аумағы

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2018 жыл, 5 ай (шілде-қараша)

Жобаның жергілікті қоғамдастықтардың дамуына қосатын үлесі: Аға ұрпақ пен жас ұрпақ байланысын әлеуметтендіру; азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, жастардың бойындаұлттық патриотизміндамытумақсатындағы атқарылар шаралар аудандық спорт бөлімі, мәдениет және тілдірді дамыту бөлімі, «Жастар ресурстар орталығы»КММ-мен бірге ынтымақтастық нығая түседі.