Семинарда азаматтық қоғамды мемлекеттік органдарға шешім қабылдау және бақылау процесіне қатыстырудың ағымдағы трендтері, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыру туралы баяндалады. Қоғамдық кеңес мүшелерін өз қызметін жандандыруға шабыттандыру, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеген «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының аясында Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалдың одан әрі дамуының ең үздік тәжірибелері туралы айтылады.
Сарапшы: Айгүл Соловьева – қоғам қайраткері, ҚР БП қарамағындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын бағалау және сыртқы талдау арнайы мониторингтік тобының басшысы.
Қысқаша анықтамалық ақпарат: 2015 жылғы 2 қарашадағы “Қоғамдық кеңестер туралы” ҚР Заңына сәйкес – Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың транспаренттілігі мен есеп берушілігін қамтамасыз етудің жаңа нысаны ретінде айқындалған.
231 Қоғамдық кеңес құрамында бүгінгі күні 3588 мүше бар,оның ішінде 801 ҮЕҰ, 459 бизнес-құрылым, 584 – саяси партия филиалдары. Қоғамдық кеңестердің құрамындағы жастардың үлесі 5%-ды (174 адам) құрайды.
Қоғамдық кеңестер 2019 жылдың 1 жартыжылдығында азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 2 мыңға жуық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастырды.
213 облыс, Астана, Алматы қалалары және аудандардың әкімдерінің, 15 орталық мемлекеттік органдар басшыларының, 1300-ден астам жергілікті мемлекеттік органдардың, білім беру саласындағы, денсаулық сақтау, қаржы, экономика, әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және т. б. салалары басшыларының есептері тыңдалды.
Жалпы қоғамдық кеңестер қызметінің тәжірибесі азаматтық қоғамның пікірін білдіру үшін нақты қоғамдық институт құрылғанын айтуға мүмкіндік береді.
Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне ықпал етудің негізгі тетігі болды.
Аудитория: Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ, жұртшылық.