Ағымдағы жылдың 2 қазанында мемлекеттік гранттарды тағайындау үшін өтінімдерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтеді

Жарияланған күні: 01.10.2020


А.ж. 2 қазанында сағ.15.00-де мемлекеттік гранттарды тағайындау үшін өтінімдерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтеді.

Отырысқа конкурстық комиссия мүшелері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан бақылаушылар қатысады.

Мемлекеттік гранттарды берудің қайта конкурсы келесі 4 тақырып бойынша жарияланды:

  1. Жануарларға жауапкершілікпен қараудықалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасы;
  2. Ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру;
  3. Еліміздің өңірлерінде кадрлық және басқарушылық әлеуетті дамыту ерекшеліктері бойынша сараптамалық сұрау салуды ұйымдастыру және жүргізу;
  4. Қаржы, құқық, медицина, діни салалардағы, сондай-ақ цифрландыру аясындағы проблемалық мәселелер бойынша ақпаратты халыққа жеткізу тиімділігін арттыру.

Конкурстық комиссияның отырысы Қоғамның Facebook-тағы ресми парақшасында тікелей эфирде  көрсетілетін болады (https://www.facebook.com/cisc.kz/).