28 мамырда грант алушылармен кездесуі өтеді

Жарияланған күні: 24.05.2019


2019 жылдың 28 мамырда Нұр-Сұлтан қ-да сағат 15: 00-де Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде грант алушылармен гранттық жобаларды іске асыру сапасын жақсарту, сондай-ақ өзара міндеттемелерді жүзеге асыру мәселелері талқыланатын болады.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен 2019 жылы жоба жеңімпаздары үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері қатысады.

Қазіргі таңда 2019 жылдың сәуір айынан бастап 55 жоба іске асырылуда, маусымнан бастап жастардың жыл сайынғы белсенділігі, жастардың инновациялық белсенділігін арттыру, жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жастар бастамаларын қолдау, жастар арасында медиация және басқа да жобаларды қамтитын 54 жоба іске қосылады.

Сондай-ақ ағымдағы жылы 12 үш жылдық жоба іске асырылады. Бұл азаматтық сектор бастамаларын қолдаудың тұрақтылығын көрсетеді.