2024 жылғы 07 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 05 ақпандағы № 24 нқ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының № 3 хаттамасынан
ҮЗІНДІ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
1. | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру | қысқа мерзімді | «Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі |
2. | Аймақтағы білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде кешенді ақпараттық жұмысты жүргізу | қысқа мерзімді | «ТМД-да білім беруді ілгерілету жөніндегі халықаралық қор» қоғамдық қоры | |
3. | Аймақтағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу | қысқа мерзімді | «7 жұрт» қоғамдық бірлестігі | |
4. | Ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілетін дамыту | қысқа мерзімді | «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі | |
5. | Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту | қысқа мерзімді | «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі |