2024 жылғы 7 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының № 3 хаттамасынан үзінді

        2024 жылғы 07 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 05 ақпандағы № 24 нқ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының № 3 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

       Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу Аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру қысқа мерзімді «Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі
2. Аймақтағы білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде кешенді ақпараттық жұмысты жүргізу қысқа мерзімді «ТМД-да білім беруді ілгерілету жөніндегі халықаралық қор» қоғамдық қоры
3. Аймақтағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қысқа мерзімді «7 жұрт» қоғамдық бірлестігі
4. Ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілетін дамыту қысқа мерзімді «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі
5. Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту қысқа мерзімді «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі