Үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттарды ұсыну конкурсының нәтижелері

Жарияланған күні: 02.09.2019


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ 2019 жылдың 8 тамызында №270 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген 2019 жылға арналған Үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттарды ұсыну жоспары негізінде 2019 жылдың 9 тамызында жарияланған қайталау конкурсы бойынша конкурстық комиссия отырысының нәтижелері бойынша жеңімпаздардың тізімін жариялайды.

Конкурстық комиссияның отырысы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 15:00-де өткізілді.

ҮЕҰ тарапынан ұсынылған өтінімдерге бағалауды жүргізу нәтижесінде конкурстық комиссия келесі жоғары ұпай жинаған өтінім тапсырушы ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну туралы шешім қабылдады:

  1. № 28 тақырып «Талантты жастар, студенттер, ауыл жастарынан шыққан жас мамандар үшін «Хакатон «Social Assembly» өткізу» – Грант иегері «Бізбен бірге» ҚҚ
  2. № 37 тақырып «Еңбек отрядтарының қызметін жетілдіру» – Грант иегері «Альтернатива» бітімгершілік және медиация орталығы» ҚБ
  3. № 40 тақырып «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдерді қалыптастыру» – Грант иегері «Қолданбалы зерттеулер орталығы «ТАЛАП» ҚҚ
  4. № 17 тақырып «Атырау облысындағы ҮЕҰ әлеуетінің тұрақтылығына жәрдемдесу» – Грант иегері «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ
  5. № 27 тақырып «Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» – Грант иегері «Жайық таңы» ҚБ
  6. № 42 тақырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобаны іске асыру» – Грант иегері «Zertteu Research Institute» ҚҚ