Жарияланған күні: 22.08.2017
«Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қоры «Қазақстанның Әскери-патриоттық мұрасы» жобасы бойынша ҮЕҰ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 22-ші тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласында оқыту тренингі өтеді.
Бұл іс-шара белсенді ҚР ардагерлер қозғалысының көшбасшыларына, Ауған соғысы және жергілікті қақтығыс қатысушыларына, жастар ұйымына, әскери қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдеріне арнап өткізіледі.
Семинар барысында кәсіби коуч-жаттықтырушылары топ қалыптастыру мәселесімен, ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігіне байланысты сұрақтарымен таныстырып өтеді.
Тренинг нәтижесінде қатысушылар ақпарат саласасындағы ұйымдастыру және қазіргі Қазақстанның әскери-патриоттық көзқарастарын қалыптастыруда көшбасшылық дағдыларын алады.