ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ

Міндеттері:

  • Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін конкурсқа әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу;
  • ҮЕҰ-ға гранттар ұсыну бойынша конкурстың өткізілуін қамтамасыз ету;
  • Ұсынылған құжаттардың толықтығын, гранттардың бекітілген басым бағыттар тізбесіне және гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкестігін тексеру;
  • ҮЕҰ-ға жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарламалар жолдау;
  • Қоғамның гранттық қаржыландыруы аясында ҮЕҰ-ға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік және басқа да қолдау көрсету (ДУП құзыретіне кіретін мәселелер бойынша);
  • ҮЕҰ-дың гранттар ұсыну бойынша конкурстарға қатысуға берген өтінімдерін ДУП құзыретіне кіретін тармақтар бойынша қарау (өтінімді толтыру және қалыптастыру, грантқа сәйкестігі, қоса берілген құжаттардың толықтығы);
  • ҮЕҰ-мен грант ұсыну туралы шарттар жасасу кезінде әлеуметтік жобаның егжей-тегжейлі сипаттамасын (күнтізбелік жоспарды) тексеру және қабылдау;
  • Шарт жасасу үшін өтініш берушілерден құжаттар сұрату;
  • Грант ұсыну туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) Қоғамның мүдделі қызметкерлерімен келісу;
  • Шартқа барлық тараптардың қол қоюын қамтамасыз ету;
  • Қосымша келісім жасау арқылы Шарт талаптарына өзгерістер енгізу;
  • Шарт талаптарына сәйкес гранттық қаражаттың уақтылы аударылуын ұйымдастыру;
  • Гранттардың бағдарламалық бөлігінің іске асырылуына мониторинг жүргізу (мақсаттарға қол жеткізу, күтілетін нәтижелер, сапалық және сандық көрсеткіштер, шаралардың уақтылы орындалуы және т.б.) – грант алушылардың бағдарламалық есептерін тексеру және қабылдау, сондай-ақ әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
  • Гранттарды іске асыру аясында әлеуметтік жобаның егжей-тегжейлі сипаттамасына (күнтізбелік жоспар) түзетулер енгізу;
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар аясында грант алушылармен жұмыс жүргізу, оның ішінде Қоғам мен грант алушылар арасында жасалған шарттар шеңберіндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • Коммуникация және ынтымақтастық департаменті үшін есептер дайындау (соның ішінде ҮЕҰ-ға гранттық қаржыландыру саласындағы оператор қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп), сондай-ақ мүдделі тараптар мен ақпараттық қолдауға арналған басқа да материалдарды қалыптастыру;
  • Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жасауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
  • Бюджеттен тыс қаражат тарту аясында тұжырымдамалар, бағдарламалар, іс-шаралар жоспарлары мен арнайы жобаларды әзірлеуге қатысу;
  • Гранттарды іске асыру мәселелері бойынша есептерді, жазбаларды және баяндамаларды дайындау;
  • Жобаны іске асыру нәтижесінде алынған сапалық және сандық көрсеткіштерді тексеру және растау;
  • Қоғамның ішкі нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сақтау;
  • Гранттар бойынша аралық және қорытынды есептерді келісу;
  • Жобаны тікелей іске асыру;
  • Жобаның егжей-тегжейлі жоспарына түзетулер енгізу және олардың келісімін қамтамасыз ету;
  • Іске асырылып жатқан жобалар бойынша ақпараттық анықтамалар дайындау;
  • Жобалардың іске асырылу мәртебесіне қатысты ақпараттар әзірлеу;
  • Грантты басқарудың тиімділік көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу процесін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
  • Іске асырылып жатқан жобалар, олардың бюджеттері және тиімділік нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын жиынтық кестені жасау;
  • Гранттық жобаларды іске асыру жоспары мен барысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Жобалар бойынша досье қалыптастыру;
  • ДУП қызметі аясындағы іс-шараларды жоспарлау, дайындау және хаттамалық қамтамасыз ету;
  • Грант алушылардың, жеке және заңды тұлғалардың, бақылаушы органдардың сұрауларына Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына (бұдан әрі – ІНҚ) сәйкес уақтылы жауап беру;
  • Өзіне тапсырылған барлық құжаттар мен қалыптастырған досьенің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ІНҚ-на сәйкес оларды архивке сақтау/өткізуді ұйымдастыру;
  • Сапалық және сандық көрсеткіштерді, ішкі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге немесе оларды әзірлеуге қатысу;
  • Үкіметтік емес секторды мемлекеттік қолдау шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша оқыту тренингтерін өткізу;
  • Қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың және грант алушылардың өкілдерімен кездесулерге, келіссөздерге қатысу.

Талаптары:

• Жоғары білімі: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, гуманитарлық, жобалық менеджмент, техникалық;
• Жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
• Қазақ және орыс тілдерін жетік білу;
• Толық жұмысбастылық.