Жарияланған күні: 12.01.2021
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ең маңызды басымдықтарының бірі-жұмысты үздіксіз жетілдіру, қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру. Біз алған тәжірибемізді грант алушылармен қуана бөлісеміз!
Бүгін Орталық қабырғасында “жобалардың тиімділігі және бағалау индикаторларын таңдау әдістемесі”тақырыбы бойынша биылғы жылы алғашқы семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг бағдарламасында шақырылған сарапшы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас әлеуметтік жобалау, жобалардың тиімділігін өлшеу жүйесін құру тақырыптарын қозғады.
ҮЕҰ-ға KPI-ді дұрыс анықтауға қалай көмектесуге болады? Мақсатты аудиторияны анықтауда жиі кездесетін жүйелік қателер қандай? Жобаның әлеуметтік мәселеге әсер ету дәрежесін қалай бақылауға болады? Жобалардың тиімділігін бағалаудың неғұрлым өзекті әлемдік тәжірибесі қандай? Осы және басқа да мәселелер бүгін талқыланды.
Семинар диалог сессиясын өткізумен аяқталды, оның барысында орталық сарапшылары гранттық қаржыландыру процестерін одан әрі жетілдіру бойынша ҮЕҰ мен серіктестердің ұсыныстарын, сондай-ақ азаматтық бастамаларды қолдау шараларындағы жаңа тәсілдерді талқылады.