Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 16.05.2025 жылғы №24 хаттамасы

 

«Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының

«Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «13» наурыздағы № 8-н/қ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 19 наурызда жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 24 ХАТТАМАСЫ

 

Астана қ.                                                                                           2025 жылғы «16» мамыр

 

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘ Қатысу туралы мәліметтер
1. Карханов Арслан Игоревич ZOOM арқылы қашықтан қатысты
2. Мырхайдаров Канат Бахадурулы ZOOM арқылы қашықтан қатысты
3. Абай Ализа Маратқызы         ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4. Әбдікерімұлы Үсен ZOOM арқылы қашықтан қатысты
5. Курманбаева Айгуль Сапарбековна          ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

 Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Канат Бахадурулы Мырхайдаровты сайлауға шешім қабылдады.

 Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөні Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1. Карханов Арслан Игоревич 10 0 10
2. Мырхайдаров Канат Бахадурулы 10 0 10
3. Абай Ализа Маратқызы 10 0 10
4. Әбдікерімұлы Үсен 10 0 10
5. Курманбаева Айгуль  Сапарбековна 10 0 10

 

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 10 өтінімді құрайды.

 Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 10 ҮЕҰ-нан түскен 10 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі Грант сомасы (мын тенге)

Өтінім беруші

Карханов Арслан Игоревич Мырхайдаров Канат Бахадурулы Абай Ализа Маратқызы Әбдікерімұлы Үсен Курманбаева Айгуль Сапарбековна

Барлығы

Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу қысқа мерзімді 10 000,0 «Өрендер» академиясы» қоғамдық бірлестігі 30 36 27 34 40 167
«Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігі 30 24 21 28 39 142
«Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі 32 33 27 35 35 162
«YERKIN» өнер академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі 21 34 34 36 38 163
«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі 34 27 22 27 46 156
«Жастардың әлеуметтік

және тұрақты даму қоры»

қоғамдық қоры

35 33 33 36 43 180
«Саналы қоғам» қоғамдық қоры 32 38 45 39 39 193
«Талдықорған өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры 27 32 32 35 37 163
«Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі 25 34 31 35 36 161
«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі 26 27 33 32 28 146

 

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі ҮЕҰ атауы Жалпы балл
1. Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу қысқа мерзімді «Саналы қоғам» қоғамдық қоры 193

    Сараптама комиссиясы төрағасы  _____________  Мырхайдаров К.Б.