Жергілікті атқарушы органдар алғаш рет ҮЕҰ-ға арналған гранттарын бөлді

Жарияланған күні: 19.12.2022


Бүгін ҚР Президенті жанындағы коммуникациялар қызметінде «ҮЕҰ-ны қаржыландырудың жаңа тәсілдері» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
2022 жылы ҮЕҰ-ны мемлекеттік қаржылық қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде гранттық қаржыландыру жүйесі қайта қаралды.
«Заң нормаларын іске асыру шеңберінде министрлік азаматтық қоғам саласындағы сарапшылармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, гранттық қаржыландырудың жаңа ережелерін әзірледі. Мемлекет басшысы заңға 4 шілдеде қол қойды. Қажетті нормативтік-құқықтық база дайындалды. Ол 1 қаңтардан бастап қолданылмақ»- деді ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.
2022 жылы ҮЕҰ үшін бөлінген гранттар санының ұлғаюы және бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен гранттық қаржыландыру көлемінің 2 есеге өсуі байқалады.
«Ағымдағы жылы Орталық 10 мемлекеттік және жеке тапсырыс берушілерден 2,2 млрд теңгеден астам сомаға 102 грант іске асырды. Грант алушылар еліміздің 13 өңірінен 83 ҮЕҰ өкілі болды», – деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасы Ғалым Құрман.
Сондай-ақ, биыл алғаш рет ҮЕҰ үшін жергілікті атқарушы органдардан өңірлік гранттар ұсынылды. Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарының 8 ЖАО-дан 27 грант берілді.
Баспасөз мәслихатының соңында журналистер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.