«Жас Ұрпақ – Мәнгілік ел тірегі» жазғы лагерь жас ұландарды қарсы алды

Жарияланған күні: 22.08.2017


2017 жылдың 22 – 25 тамыз аралығында Бурабай курорттық аймағында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы оқушыларға арналған лагерь ұйымдастырды.

Аталған лагерь «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен жүзеге асыруда.

Лагердің мақсаты жас ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына көмектесіп, толеранттылық, адамгершілік, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерін дамыту болып табылады.

Лагерде барлығы 90 баладай жиналды, оның ішінде аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандар да болды.

Іс-шара аясында лагерьдің қатысушыларға әртүрлі квест, спорт жарыстары, арқан тарту курстары ұсынылды. Физикалық белсенділіктен бөлек, бағдарлама әр түрлі семинар – тренингтермен қаныққан. Оларды жүргізуші эксперттер – Қазақстанның үздік мамандары.

Лагердің әр күні белгілі бір тақырыппен байланысты және өзінің рәмізі бар:

– бірінші күні – достық күні, күн рәмізі – шаңырақ;

– екінші күні – білім күні, күн рәмізі – тұлпар;

– үшінші күні – достық күні, күн рәмізі –бүркіт.

Шараның қонақтары мен спикерлері – танымал журналист,блоггер Өркен Кенжебек, Қазақстандағы ММА федерациясының президенті – Анатолий Ким, танымал тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман, әлемдік джиу-джитсу чемпионы Дархан Нортаев және басқалар.