Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 22.05.2025 жылғы №27 хаттамасы

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ басшысының  «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «19» наурыздағы № 29-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 28 наурызда жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 27 ХАТТАМАСЫ

 

Астана қ.                                                                                              2025 жылғы «22» мамыр

 

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘ Қатысу туралы мәліметтер
1. Сабирова Жадыра Жумаевна ZOOM арқылы қашықтан қатысты
2. Абай Ализа Маратқызы ZOOM арқылы қашықтан қатысты
3. Әбдікерімұлы Үсен  ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4. Курбаниязов Дауренбек Амангельдиевич ZOOM арқылы қашықтан қатысты
5. Славкина Алена Валентиновна  ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

 Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Жадыра Жумаевна Сабированы сайлауға шешім қабылдады.

 

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөні Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1. Сабирова Жадыра Жумаевна 6 0 6
2. Абай Ализа Маратқызы 6 0 6
3. Әбдікерімұлы Үсен 6 0 6
4. Курбаниязов Дауренбек Амангельдиевич 6 0 6
5. Славкина Алена Валентиновна 6 0 6

 

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 6 өтінім құрайды.

 Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 6 ҮЕҰ-нан түскен 6 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі Грант сомасы (мын тенге) Өтінім беруші Сабирова Жадыра Жумаевна Абай Ализа Маратқызы Әбдікерімұлы Үсен Курбаниязов Дауренбек Амангельдиевич Славкина Алена Валентиновна

Барлығы

«BAGYT» жастардың креативті идеяларын қолдау және кеңес беру орталығын ұйымдастыру қысқа мерзімді 8 208,0 Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі 45 50 49 35 30 209
«Жамбыл облысының КЕҰ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 41 13 16 25 10 105
«Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі 42 25 29 30 26 152
«Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі 41 39 40 39 32 191
«Зерттеу және консалтинг орталығы» қоғамдық бірлестігі 30 33 39 35 24 161
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі 31 33 40 35 30 169

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі ҮЕҰ атауы Жалпы балл
1. «BAGYT» жастардың креативті идеяларын қолдау және кеңес беру орталығын ұйымдастыру қысқа мерзімді Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі 209

 

   Сараптама комиссиясы төрағасы  _____________  Сабирова Ж.Ж.