Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы тапсырысы негізінде конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

БЕКІТЕМІН

«Азаматтық бастамаларды

қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасы Төрағасының м.а.

__________________ Балтаев Г.Т.

«     » мамыр 2025 жыл

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және

«Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ басшысының 2025 жылғы «19» наурыздағы № 29-НҚ бұйрығымен бектілген Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесіне сәйкестікке

өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

 «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 28 наурызда жариялаған «Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» КММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2025 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 6 ҮЕҰ-дан 8 өтінім келіп түсті, оның ішінде 4 өтінім мемлекеттік тілде және 4 өтінім орыс тілінде берілген.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 17 сәуірде сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 02 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

  • мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Жамбыл облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Жамбыл облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі
2 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау «BAGYT» жастардың креативті идеяларын қолдау және кеңес беру орталығын ұйымдастыру қысқа мерзімді Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі
3 «Жамбыл облысының КЕҰ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
4 «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі
5 «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі
6 «Зерттеу және консалтинг орталығы» қоғамдық бірлестігі
7 «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылды (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы Бас тарту себептері
1 Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Жамбыл облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Жамбыл облысының КЕҰ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Өтінім Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді