Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау үшін шағын гранттар байқауының басталуы жарияланды! (Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2025 жылғы 4 тамызға дейін)

Жарияланған күні: 16.07.2025


ҮЕҰ-дарды, бастамашыл топтар мен жеке тұлғаларды волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау саласындағы 6 жоба аясында шағын гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз:

  • «Төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлікті дамыту және ТЖ салдарын жою»,
  • «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту,
  • «Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту»,
  • «Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту»,
  • «Зооволонтерлікті дамыту»,
  • «Әлеуметтік волонтерлікті дамыту».

Жобалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және ҮЕҰ гранттарының бірыңғай операторы гранттық қолдау көрсеткен кезде іске асырылады.

Кім қатыса алады: ҮЕҰ, бастамашыл топтар және жеке тұлғалар

Іске асыру аумағы: 17 облыс және 3 Республикалық маңызы бар қала

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 16.07.2025-04.08.2025 (17-00 сағатқа дейін)

Грант саны мен сомасы: 1 000 000 теңгеден 60 грант (әр бағытта 10 грант)

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бағытындағы волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша конкурс мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларға жедел әрекет етуге және салдарын жоюға бағытталған волонтерлік бастамаларды дамытуға және қолдауға жәрдемдесу, сондай-ақ азаматтық қоғамның төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру.

Байқау ұйымдастырушысы: «Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлес

Байланыс телефоны: + 7 708 706 42 42

Әлеуметтік желілер: Instagram: @qazvolunteer.kz

Электрондық пошта: aman.project.kz@gmail.com

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Экологиялық волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша конкурс мақсаты — қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты тұрақты пайдалануға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған азаматтық белсенділіктің бір түрі ретінде экологиялық волонтерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Байқау ұйымдастырушысы: «Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі

Байланыс телефоны: + 7 708 706 42 42

Әлеуметтік желілер: Instagram: @qazvolunteer.kz

Электрондық пошта: greensteppe.kz@gmail.com 

«Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту» бағыты байқауының мақсаты — медицина саласындағы волонтерлік қызметті денсаулық сақтау жүйесін қолдаудың маңызды ресурсы, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және халықтың денсаулығын нығайту тетігі ретінде дамытуға жәрдемдесу.

Байқау ұйымдастырушысы: «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі

Байланыс телефоны: Диляра Маратқызы, +7 777 982 6469

Әлеуметтік желілер: Instagram: @qazmed_jastary

Электрондық пошта: qazmedzhastary@gmail.com

«Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» бағыты байқауының мақсаты мақсаты — қазақ халқының және елімізде тұратын өзге де ұлт өкілдерінің тарихи, мәдени және рухани мұрасын зерттеуге, насихаттауға және сақтауға бағытталған бастамаларды қолдау.

Байқау ұйымдастырушысы: «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі

Байланыс телефоны: +7 778 495 7305 (WhatsApp арқылы да қолжетімді)

Әлеуметтік желілер: Instagram: @civil.alliance Facebook: Қазақстанның Азаматтық Альянсы 

Электрондық пошта: civilalliance20@gmail.com

«Зооволонтерлікті дамыту» бағыты байқауының мақсаты — жануарларды қорғауға, оларға гумандық көзқарасты қалыптастыруға және қоғамда жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау және зооволонтерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Байқау ұйымдастырушысы: «Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі

Байланыс телефоны: + 7 708 706 42 42

Әлеуметтік желілер: Instagram: @qazvolunteer.kz

Электрондық пошта: kazakhstanforanimals@mail.ru  

«Әлеуметтік волонтерлікті дамыту» бағыты байқауының мақсаты — азаматтық белсенділіктің маңызды тетігі, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу құралы ретінде әлеуметтік волонтерлікті дамытуға және нығайтуға жәрдемдесу.

Байқау ұйымдастырушысы: «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры

Байланыс телефоны: + 7 707 154 75 38

Әлеуметтік желілер: Instagram: @human_rights_lawyers

Электрондық пошта: 123lazzat@mail.ru